You are here

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 291 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы № 291 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18755 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінің нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (4-шығарылым):
64-1 параграфымен толықтырылсын:
«64-1-параграф. Шахталық аспалы локомотив машинисі, 4-разряд

504-1. Жұмыс сипаттамасы:
жүк тиелген және бос құрамды тасымалдау, адамдарды жеткізу кезінде ілінісу салмағына қарамастан шахталық аспалы локомотивтерді басқару;
аспалы монорельсті жолдың профиліне және құрам салмағына байланысты шахталық аспалы локомотивтің қозғалыс жылдамдығын реттеу;
тиеу және айырбастау пункттерінде құрамдарды қалыптастыру және маневрлік жұмыстарды орындау;
жүктерді, жабдықтар мен материалдарды жеткізу және беру;
адамдарды жұмыс орнына және кері жеткізу;
құрамның көлік бірліктерін тіркеу және ажырату;
жүктерді тиеу;
жүк көтергіш механизмдерді басқару;
жүктерді тиеу және түсіру кезінде шағын механизациялау құралдарын қолдану;
жолдағы бағыттамаларды ауыстыру;
желдеткіш есіктерді, итергіштерді, шығырларды және тиеу және түсіру пункттерінің басқа да механизмдерін басқару;
шахталық аспалы локомотивтерді жабдықтау, жанар-жағар май құю, жұмыс сұйықтықтарын толтыру;
басқару механизмдерін, жүріс бөліктерін, гидро өткізгіштері бар секцияларды, тартқыш қондырғыларын, тежегіш арбаларды және кабиналарды тексеру және сынау;
өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;
борттық журналдарды толтыру.
504-2. Білуге тиіс:
шахталық аспалы локомотивтердің құрылғысы мен техникалық сипаттамасын;
поездардың қозғалыс кестесін және құрамдардың жүкпен және адамдармен қозғалыс ережесін;
аспалы монорельсті жолдың профилін, оның жай-күйі мен қызмет көрсетілетін учаскедегі жол белгілерін;
әр түрлі жұмыс жағдайларында шахталық аспалы локомотивтердің тартымдық сипаттамасын;
аспалы монорельсті жолдардың, коммутация мен энергиямен қоректену сызбасын;
тежегіш құрылғылардың жүйесін;
бағыттамалы бұрмалардың құрылымын, көлік бірліктерін тіркеу және ажырату ережесін;
ішкі жану қозғалтқыштарының және аккумуляторлық батареялардың;
жанар-жағармай материалдарын құю және жұмыс сұйықтықтарын толтыру ережесі;
аккумулятор батареяларын зарядтау және күту ережесі;
жер асты гараждарының жабдықтау және аккумулятор батареяларын зарядтау;
сигналдар мен дабыл құралдарын белгілеу, орталықтандыру және бұғаттау құралдарының мақсаты;
токты түрлендіру тәсілдері;
диспетчерлік қызмет жүйесін;
жер асты тау-кен қазбаларының орналасуы мен атауы;
қызмет көрсететін машиналарды қабылдау және сынау тәртібі;
майлау жүйесі мен қолданылатын майлау материалдары;
электротехника негіздері және слесарліқ іс;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәртібі.».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ТіркемеМөлшер
Package icon pr._prik_dop_v_btba_04.docx_.zip20.04 KB
Бөлімдер:
4 қыркүйек, 2019 - 12:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші