check

You are here

ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды

назначение

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

«Тарих және құқық мұғалімі» және «экономика және бизнес магистрі» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Әр жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Үйленген, төрт баласы бар.

3 қыркүйек, 2019 - 19:36 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші