check

You are here

Нұрымбетов Біржан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтады

марапаттау

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов Біржан Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты жиналысын өткізді.

Іс-шарада министрліктің басшысы қатысушыларды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, Республиканың мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуда мемлекеттік институттарды орнатуда және Қазақстан халқының құқықтары мен бостандығын айқындауда маңызды роль атқаратынын атап өтті.

«Конституцияда біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады, оның ең қымбат қазынасы-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан мемлекеттің маңызды міндеті – қоғамды әлеуметтік қамтамасыз ету екеніне баса назар аударды. Конституция қабылданған күннен бастап 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінде заңдарды қабылдадық, олардың инфрақұрылымын жаңарттық», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр атап өткендей, бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік салаға инвестициялары 7,5 трлн теңгені немесе бюджет шығындарының 53% - ын құрайды (1991 жылы 26 млн теңге болды).

«Күн көрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 8 есеге артты (1997 жылғы 3 505 теңгеден 2019 жылы 29 689 теңгеге дейін). Жалақының ең төменгі мөлшері 1997 жылға қарағанда 20 есе өсті (2 129 теңге) және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 42 500 теңгені құрады. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 1999 жылғы 3 000 теңгеден 2019 жылы 52 145 теңгеге дейін өсті.

Бюджет қаражаты есебінен төленетін ең жоғары зейнетақы-116 811 теңгені құрады. Елде 2 млн-нан астам адам зейнетақы алады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 1999 жылдан 2019 жылға дейін 12 есе немесе 3 513 теңгеден 41 184 теңгеге дейін ұлғайды. Жәрдемақы алушылар 1,6 млн-нан астам адам», – деп толықтырды ҚР ЕХӘҚМ басшысы.

Біржан Нұрымбетов сондай-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында жалдамалы қызметкерлер саны екі есеге жуық (7,4 млн адамнан 3,9 млн адамға дейін) төмендегенін, 90-жылдардың ортасында 1 млн-ға жуық адам жұмыссыз болып саналғанын, жалпы жұмыссыздық деңгейі 13,5% - ға жеткенін еске салды.

«Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында бүгінде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% -дан аспайды, ал қызметкерлер саны - 6,7 млн. Осының бәріне біз күш-жігер мен бірлескен жұмыстың арқасында қол жеткіздік. Біріншіден, біздің жетістігіміз әрбір қазақстандықты қорғауға арналған Конституциямен қамтамасыз етілді», - деп қорытындылады министр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Әлібек Темербеков құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік жағдайда «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен жас мемлекеттік қызметшілердің сайлау заңнамасының конституциялық негіздерін білу туралы республикалық науқанының жеңімпазы – ҚР ЕХӘҚМ  заң бөлімінің бас сарапшысы Бейбіт Құндызбаев Орталық сайлау комиссиясының дипломымен марапатталды.

Іс-шара барысында Министрлік қызметкерлерінің балаларының арасынан 12 бірінші сынып оқушыларына ҚР ЕХӘҚМ кәсіподақ ұйымы есебінен сатып алынған оқу құралдары табыс етілді.

Салтанатты жиын жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант беруімен және концерттік бағдарламамен аяқталды.

29 тамыз, 2019 - 13:25 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші