check

You are here

Елордада көлік саласына арналған кәсіптік стандарттарды дайындау мәселелері талқыланды

ОРК

Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы барысында салалық біліктілік шеңберін (бұдан әрі – СБШ) құру және Қазақстанның көлік саласы үшін кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – КС) одан әрі әзірлеу мәселелері қаралды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, ұлттық кеңестің мүшелері болып табылатын бірқатар министрліктердің вице-министрлері, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялардың өкілдері қатысты.

«Kazlogistics» көліктік және логистикалық ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Ерлан Әбсатов отырыста сөз сөйлеп, СБШ – бұл сала үшін басты құжат, соның негізінде КС әзірленетін болады», - деп атап өтті.

Оның айтуынша, көлік саласы бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде келесі бағыттар бойынша 5 СБШ әзірленбек: автокөлік, темір жол көлігі, көлік логистикасы, әуе көлігі (азаматтық авиация), су көлігі, сондай-ақ осы салаларда қажетті мамандықтар үшін 53 КС.

«Біз барлық 5 СБШ-ны әзірледік, тиісті қызмет саласындағы жетекші ұйымдардан ҚБК-ның әзірленген жобаларына сараптама алынды. Бүгінгі таңда біз СБШ-ны Салалық комиссия мақұлдап, ҚР ИИДМ бекітті. Енді екінші кезеңге кірісеміз – ол тікелей 53 КС әзірлеу», – деді Әбсатов.

            Сонымен қатар, ол СБШ сияқты КС әзірлеу мамандардың қатысуын, жұмыс берушілердің талаптарын және білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау ерекшеліктерін есепке алуды талап ететінін атап өтті.

            «СБШ және КС әзірлеу бойынша біздің жұмысымыздың тәжірибесі салада тиісті білімі мен тәжірибесі бар, сондай-ақ салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру негіздерін білетін дайындалған сарапшылардың базасын қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Біз мұндай команданы қалыптастырдық, бірақ сарапшылардың құзыретін арттыру үшін құзыреттілік орталығы қажет, онда уәкілетті мемлекеттік орган мен «Атамекен» ҰКП қабылдаған нормативтік құжаттар негізінде СБШ және КС қалыптастыру негіздеріне үздіксіз оқыту ұйымдастырылуы тиіс. Оны жаңа жобалау офисінің базасында ашу орынды деп санаймын», – деді Әбсатов.

Сондай-ақ, ол СБШ және КС әзірлеу процесіне базалық білім беру ұйымдарының міндетті түрде қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай база бір мезгілде білім беру стандарттарын дайындауға және КС сәйкес оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біздің сала үшін мұндай база азаматтық авиация академиясы болып табылады. Барлық салаларға осындай базаларды анықтау қажет деп санаймын», - деді «Kazlogistics» көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» ЗТБ бас директоры.

Ұлттық біліктілік жүйесінің тағы бір қажетті компоненті базалық кәсіпорындардың болуы болып табылады.

«Олар құзыреттілікті анықтау, кадрларды іріктеуді ұйымдастыру және КС-ға байланысты еңбекақы төлеу жүйесін қалыптастыру және еңбекті бағалау үшін КС қолдану үшін қажет. Сала ерекшелігіне байланысты бізде ондай бірнеше кәсіпорын бар. Басқа салалардың әріптестеріне сондай-ақ ұйымдарды конкурстық негізде таңдауды ұсынар едім. Сонымен қатар, мұндай кәсіпорындар үшін стимул ретінде «Еңбек» бағдарламасы аясында түлектер үшін жастар практикасы мен таңдаған мамандық санаты үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды белгілеуге болады», - деп түйіндеді Әбсатов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, іс-шара аясында Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі-ЕРДО) жанындағы жобалау офисінің тұсаукесері өтті.

ЕРДО президенті Тамара Дүйсенова жаңа құрылым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының негізгі төрт бағыты бойынша әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асырумен айналысатынын хабарлады: Ұлттық біліктілік жүйесі, өнімді жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру.

«Жобалық менеджментті қолдана отырып дәл осындай траектория барлық қатысушылардың өзара іс – қимылының нақты жүйесін құруға, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Дүйсенова.

28 тамыз, 2019 - 16:09 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші