check

You are here

ЕРДО базасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің барлық бағытын қамтитын жобалық кеңсе құрылды

презентация проектного офиса

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) жаңа құрылымдық бөлімшесін акционерлік қоғамның президенті Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтанда өткен салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында таныстырды.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Ұлттық кеңеске мүше бірқатар министрліктердің вице-министрлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен компаниялар қатысты.

Жиынды ашқан Бердібек Сапарбаев бұған дейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығында (бұдан әрі - ЕРДО) Жобалық кеңсе құруды тапсырғанын айтты.

«Менің ойымша, еңбек ресурстарын дамыту шаралары және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға байланысты жоспарланған өзгерістер бір стратегияның маңызды бөлшектері іспетті. ЕРДО-да құрылған алаңда үйлестіру жұмыстары, біліктілік пен кәсіби стандарттардың салалық шеңберлерін әзірлеуге әдістемелік қолдау және бақылау жүзеге асады», – деді ол.

ЕРДО жаңа құрылымдық бөлімшесін таныстыра келе, Тамара Дүйсенова қазіргі уақытта ЕРДО базасында цифрландыру, экономиканы жаңғырту жобалары мен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша 3 жеке жобалық кеңсе және АӘК көрсету жөнінде, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша жобалық топтар жұмыс істейтінін айтты.

"Осы бағыттардың барлығы өзара байланысты және бірыңғай нәтиже алу үшін жұмыс істейтініне қарамастан, олар бойынша жеке-жеке жұмыстар жүргізілуде. Міндеттердің қайталануы да кездеседі, ал кейбір жерлерде оларды іске асыру алгоритмдерінде қарама-қайшылық байқалады. Бір сөзбен айтқанда, бірыңғай тәсілдер жоқ", - деді ЕРДО Президенті.

Тамара Дүйсенова алға қойған міндеттердің күрделілігі мен әртүрлілігі жұмысты ұйымдастыруда жоғары талаптарды және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік деңгейін арттыруды қажет ететінін атап өтті.

«Мәселелерді тиімді шешу үшін біз жобалық басқару тетігін енгізудеміз. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұлттық біліктілік жүйесі, нәтижелі жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру сияқты төрт негізгі бағыты бойынша әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөнінде бірыңғай жобалық офис құрылды», - деді Дүйсенова.

ЕРДО Президенті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жобаларының бүкіл портфелін бірыңғай Жобалық кеңседе жүзеге асыру көптеген ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерді шешетініне сенімді. Атап айтқанда: әр бағытта нақты мақсаттар мен міндеттері айқындалған жобалар тобын басқарудың құрылымын құру; Жобалық кеңсе мен жобаларды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл процестерін реттеу; Жобалық кеңсеге жүйелік жоспарлау, іске асыру, бақылау, үйлестіру, түзету және аяқтау үшін басқару құжаттарының тиісті пакетімен қамтамасыз ету; Жобалық топ мүшелері мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы дербес жауапкершілікті күшейту.

«Жобалық менеджментті қолдана отырып жасалған дәл осы тәсіл барлық қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың нақты жүйесін құруға, сондай-ақ барлық бағыттарда туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік берері сөзсіз», - деді Дүйсенова.

Сөз соңында ЕРДО Президенті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың басшылығымен Ұлттық кеңес шеңберінде Ұлттық экономика, білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ "Атамекен"ҰКП өкілдерін қоса отырып, Басқарушы комитет құруды ұсынды.

Басқарушы комитет жобалық кеңсенің барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етеді және жүйелік басқару шешімдерін қабылдайды, сондай-ақ, жобаларды іске асыруды тежейтін мәселелерді жедел жойып отырады.

28 тамыз, 2019 - 15:35 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші