check

You are here

Жұмыс іздеу және төлемдер туралы мәліметтер енді смартфон арқылы қол жетімді

Жұмыс іздеу және төлемдер туралы мәліметтер енді смартфон арқылы қол жетімді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желісі бойынша мемлекеттік қызметтер Smart Astana мобильдік қосымшасын пайдаланушыларға қолжетімді. Мұнда азаматтың әлеуметтік мәртебесін тексеруге, шегерімдер туралы, оның ішінде жұмысынан айрылу жағдайындағы төлемдер туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Платформада қаладағы өзекті, бос жұмыс орындарының тізімі қол жетімді, сондай-ақ түйіндемені жіберуге болады.

Еңбек министрлігі, қала әкімдігі және Астана Innovations бірлескен жұмысының нәтижесінде Smart Astana мобильді қосымшасы enbek.kz порталымен синхрондалды, сондықтан елордалық жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының тізімі күн сайын жаңартылып отырады. Жұмысты нақты лауазымды немесе компания атауын көрсете отырып іздеуге, сонымен қатар ұсыныстар тізімін қарап шығуға мүмкіндік бар.

Сұранысқа ие бос жұмыс орындарының арасында орта мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, колледж мұғалімдері, тәрбиешілер, дәрігерлер, мейіргерлер, хатшылар, электриктер мен автослесарьлер, күзетшілер, бөлме тазалаушылар кіреді. Негізінен қызметкерлерді толық жұмыс күніне іздейді, орташа қызмет өтілі– 2-3 жыл.

«Резюме» қосымша парағында талапкерлер өздері туралы барлық деректерді толтырып, орналастыра алады. Жұмыс беруші өзіне лайықты қызметкерді іздеу үшін қосымшаны пайдалана алады.

Әлеуметтік төлемдердің мәртебесін тексеру қосымша мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бірлескен қызметі нәтижесінде мүмкін болды. Ол үшін «Қалалық қызметтер» бөліміне өтіп, «Әлеуметтік төлемдер мәртебесі» белгішесін басқан соң ЖСН енгізіп, аударымдар түрін таңдау қажет. Мысалы, егер адам жалдамалы жұмыскер болса, онда ай сайынғы жарналар мен әлеуметтік медициналық сақтандыру желісі бойынша аударымдарды жұмыс беруші төлейтін болады. Жүйе бұл туралы пайдаланушыға дереу хабарлайды. Егер платформада адамның әлеуметтік мәртебесі туралы ешқандай ақпарат көрсетілмесе, ол мұндағы жағдайды сауалнаманы толтыру арқылы түзете алады.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың басты міндеттерінің бірі екендігін еске саламыз.

22 тамыз, 2019 - 17:56 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші