You are here

Ауылдағы бизнес: алшақтық бизнеске кедергі емес

Еңбек

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті дамуына үлкен септігін тигізеді

Қарапайым ауыл тұрғыны, үлгілі отағасы және кәсіпкер Сергей Литке бизнес негіздерін оқыту бойынша сабақтарға қатысу үшін бір ай бойы 40 шақырым жол жүріп, бизнес-тренингтерге барып жүрді.

«Еңбек» бағдарламасы аясындағы қысқа мерзімді курстар болашақ кәсіпкер үшін пайдалы кеңестер алатын орынға айналды. Сергей ол жерде бизнесті дамытуға қажетті дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар өз жұмысына деген сенімді нығайта алды.

Сергей Литке Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылында тұрады. Ол өз бау-бақшасында көкөністер өсіріп, өнімін ауылдағы көршілерге сатумен айналысады. Бизнесмен осыдан екі жыл бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болатын. Биыл ол бизнесін кеңейту жөнінде шешім қабылдап, жылыжай салып жатыр.

– Мен әкімдікке барып, жеке шаруашылығымды дамыту үшін қандай көмек алуға болатындығы жайында анық-қанығын сұрап білдім. Әкімдікте мені «Бастау Бизнес» жобасымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатындығын түсіндірді, – деп ауыл тұрғыны ағынан жарылды.

Қысқамерзімді оқуын аяқтаған соң да Сергей бұл жетістіктерімен тоқтап қалған жоқ. Қолындағы сертификатпен грант алу конкурсына қатысып, гранттан түскен ақшаға ұзақ жанатын қазандық сатып алды. Өйткені бұл қазандықсыз жылыжайдың толыққанды жұмыс істеуі мүмкін емес еді.

– Мен онсыз да әрі қарай не істеу керектігін білсем де өзім үшін аталған оқуды аяқтағым келді. Неге десеңіз, әр нәрсенің, әсіресе бизнес саласында өз ерекшелігі болады, – дейді Сергей.

«Бастау Бизнес» жобасының басты мақсаты ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу арқылы қол жеткізуге болады. Сергей Литкенің тәжірибесі ірі қалалардан алшақтық пассивті өмір салтының себебі болмайтындығын дәлелдейді.

– Бәзбіреулер: «Жағдайым мүшкіл. Түймесі жоқ телефон ұстаймын, төбесі жоқ көлік мінемін. Көгерген ірімшік жеймін» деп әзілдеп жатады ғой. Ал мен болсам ауқатты тұрамын, өйткені менің телефонымның түймелері бар ғой, -  деп кәсіпкер өзі жайында әзілдей отырып, ауыл туралы әңгімесін өрбітті, - Жылыжайымды салып бітірсем, қыста көкөністен тарықпаймыз.

Енді кәсіпкердің 8000 АЕК көлемінде 5 жылға дейін пайыздық үстемақысы 6% -дан аспайтын кредит алу мүмкіндігі бар. Мұндай қызметті тек кәсіпкерлер ғана пайдалана алады. Сергей  «Бастау Бизнес» курсын аяқтап, өз өнімін ұлғайтқысы келген жағдайда, қосымша қажетті жабдық сатып алу мүмкіндігін кез келген уақытта пайдалана алады.

22 тамыз, 2019 - 12:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші