check

You are here

Еңбекті қорғаудың жаңа тәсілдері талқыланды

Охрана труда

Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу - бұл мәселе Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық Еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияның басты тақырыбына айналды.

Конференция Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдарға арналған еңбек жағдайлары мен зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын азайту бойынша Жол картасының V бағытын іске асыру мақсатында өткізілді.

«Конференцияның мақсаты – алдыңғы қатарлы отандық тәжірибені, зерттеу нәтижелерін насихаттау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік серіктестікті жандандыру», - деді «Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты» РМҚК директоры Серікқали Бисақаев.

Іс-шара барысында Еңбекті қорғаудағы теория мен тәжірибені интеграциялау мәселелері, ғылыми қызметтің нәтижелері, оларды практикалық қолданудағы заманауи үрдістер, еңбек заңнамасын жетілдірудің ғылыми негіздері қаралды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, конференция шеңберіндегі кездесулер, пікірталастар және білім алмасу қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің менеджерлері мен мамандары үшін жақсы тәжірибе және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізудің катализаторы болады.

21 тамыз, 2019 - 15:07 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші