check

You are here

Асқар Мамин жаңа ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстырды

тағайындау

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа министр Біржан Нұрымбетовты таныстырды.

ҚР Үкіметінің басшысы Бердібек Сапарбаевқа қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойған міндеттерін  шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин Біржан Нұрымбетовтың әлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

 

primeminister.kz          

20 тамыз, 2019 - 20:24 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші