check

You are here

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» индикаторларының бірі «Жұмыскерлер құқықтарын қорғау» индикаторы болып табылады

     Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» индикаторларының бірі «Жұмыскерлер құқықтарын қорғау» индикаторы болып табылады.  

    2019 жылғы 19 сәуірде өткізілген Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы аясында төрт сұрақ:

    өңірлердегі еңбек қатынастарының жағдайы (еңбек тәуекелдерінің картасы, еңбек ақы бойынша берешек, еңбек қауіпсіздігі және қорғау);

    әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық және өңірлік комиссиялардың жұмысы;

    жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысшылардың республикалық бірлестіктерінің жүргізген жұмыстар;

    Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) №87 Конвенцияны қабылдау жөніндегі ұсынымдары бойынш жол картаны жүзеге асыру  қарастырылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік үш жақты комиссиялардың отырыстарындағы басшылардың тыңдалымы отырыстарының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға кәсіпорындардағы жағдайды тұрақты негізде бақылауды және жұмыс берушілер көтерген мәселелерді қарастыруға барынша жағдай жасау ұсынылды.

    Жұмыскерлердің құқығын қорғауды күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы:

  • лайықты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету барысында кемсітушілік фактілерін жібермеу мақсатында жұмысшыларға теңдей (бірдей) санитарлық-тұрмыстық жұмыс жағдайын құру бойынша жұмыс берушілердің міндеттері мен жауапкершілігін белгілеуді;
  • кәсіпорындардағы кәсіптік тәуекелдерді басқару және бағалау негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша шараларды бекітуді;
  • жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесін ұсыну бойынша жұмыс берушілер қызметінің декларациялау туралы деректерді табыстаудың электронды механизмін және электронды еңбек шарттарын енгізуді;
  • халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын жүзеге асыру мақсатында Кәсіподақтардың міндетті тігінен қауымдасуын алып тастау және тіркеу тәртібін жеңілдетуді қарастырады.

    Заң жобасы 2019 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды.

    Заң жобасындағы атқарылатын жұмыстардың маңыздылығына байланысты осы жылдың соңына дейін қабылдау жоспарлануда.

    Еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары 2019 жылы 4 751 тексеру, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда тексерулер жүргізді, оның барысында 6 927 бұзушылық анықталды.

    Барлық бұзушылық фактілері бойынша жұмыс берушілерге 2820 нұсқама беріліп,            186,5 млн. теңге сомасына 1451 әкімшілік айыппұл салынды.

    2019 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары  25 мыңнан астам жұмыскердің құқықтарын қорғап, оларға 3,5 млрд.теңгеден астам жалақы бойынша берешек төленді.

    Ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта мемлекеттік еңбек инспекторлары 914 семинар мен сабақтар өткізді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша 400 сұхбат ұйымдастырылды.

    Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының оқу орталығы белсенді жұмыс жасауда. Есепті кезеңде 1621 адамның қатысуымен 64 оқыту семинары өткізілді.

   Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қатерлерді ескере отырып, Үкімет 2019 жылғы 29 маусымда Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жол картасын бекітті, онда еліміздің өндірістік кәсіпорындарында кәсіптік қатерлердің алдын алуға, оларды анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылаудың тиімділігі арттыру көзделеді.

Бөлімдер:
19 тамыз, 2019 - 10:13 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші