You are here

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР ҮҚ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың   2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бектілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар:»: бөлімінде

 

«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» кіші бөлімінде:

«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» тармағында:

жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.»;

«5.4. Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» кіші бөлімінде:

«5.4.2. «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту» тармағында:

жүз жетпісінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге, 2018 жылы – 66 364 449 мың теңге, 2019 жылы – 130 661 407 мың теңге, 2020 жылы – 68 391 978 мың теңге, 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге көзделеді;»;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:»:

«Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» деген бөлімде:

«1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» деген кіші бөлімде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 1-1-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1-1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Білім және ғылым министрінің   бұйры ғы

2019 жылғы тамыз

БҒМ, Еңбекмині, ҰКП
 (келісу бойынша), ЖАО

талап етілмейді

   »;

 

«Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бөлімінде:

«1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» кіші бөлімінде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 1-1-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 және 515 бұйрықтарымен бекітілген:
- әлеуметтік жұмыс орындарын;
- жастар практикасын;
- қоғамдық жұмыстарды;
- жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті қоныс аударуды;
- әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2019 жылғы қыркүйек

Еңбекмині, ЖАО

талап етілмейді

   »;

«Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» бөлімінде:

«1-міндет: «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау» кіші бөлімінде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 3-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

«Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2019 жылғы шілде

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар,
ЖАО

талап етілмейді

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                            

ТіркемеМөлшер
Package icon pprk.zip176.75 KB
Бөлімдер:
5 қыркүйек, 2019 - 18:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші