check

You are here

Enbek.kz: Бір басу арқылы қалай жұмыс табуға болады?

Жұмысты қалай оңай табуға болады

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, олар шын мәнінде біздің әлеміміздің үйреншікті бейнесін өзгертеді. Бүгінде бұл технологиялар бізге интернетте тауарларға тапсырыс беруге, түрлі қызметтерді төлеуге, әлеуметтік аударымдарды тексеруге, жұмыс іздеуге және т. б. көмектеседі.

Онлайн жұмыс іздеу енді жаңалық емес екенін атап өткен жөн. Бірақ Қазақстанда цифрлық технологиялардың кеңінен енгізілуі бұл әдістің дамуына күшті серпін берді. Осылайша, елімізде 2018 жылдан бастап электрондық еңбек биржасы ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Www.enbek.kz порталы - 203 мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан, 54 жеке агенттіктерден және 7 интернет-сайттардан бос жұмыс орындар мен түйіндемелер жинақталатын алғашқы отандық цифрлық алаң.

«Жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын жариялап, ал жұмыс іздеушілер түйіндемелерін жіберіу арқылы бір-біріне көмек көрсетеді. Порталда барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары тіркелген. Азамат жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, оның түйіндемесі enbek.kz сайтында автоматты түрде пайда болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, алаң іске қосылғаннан бастап 756 мың азамат жұмыспен қамтылса, олардың ішінде 534 мың адам тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.

Сонымен қатар электрондық еңбек биржасы жұмыс табу ғана емес, басқа да бірқатар пайдалы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, порталда онлайн режимде түйіндеме жасауға болады, ол әңгімелесуден сәтті өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Содан кейін порталда еңбек шарты тіркеледі, ол туралы мәліметтер электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне беріледі.

Ведомствоның хабарлауынша, болашақта Электрондық еңбек биржасы порталында электрондық еңбек шарттарын жасау бойынша функциялар, әлеуметтік-еңбек саласының виртуалды консультанты және басқа да сервистер пайда болады.

16 тамыз, 2019 - 18:03 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші