check

You are here

Жастар практикасы: жұмысқа орналасқандар тәжірибесімен бөлісті

Жастар практикасы туралы

Павлодар қаласының 24 жасар тұрғыны Мәдина Сағымбекова 2017 жылы Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ды бітіргенімен, ол үшін мамандығы бойынша жұмыс табыла қоймады. Әлемнің көптеген түлектерінің құлағы қанық: «тәжірибе жеткіліксіз» деген сөз Мәдинаның алдынан да шықты. Ал оның мамандығы бойынша тәжірибесі мүлде жоқ еді.

- Мен «жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім алдым. Шынымды айтсам, бұл мамандықты тек грант болғасын ғана таңдап едім, бірақ қазір барлығы ойымдағыдай, - деп бойжеткен ағынан жарылды.

Университет түлегіне тәжірибе ауадай қажет болды. Бұл ретте оған ҚР Халықты жұмыспен қамту орталығы базасындағы жоба үлкен септігін тигізді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Мәдина жастар практикасына «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не жіберді.

– Мен 4 ай практикадан өттім, міне енді 3 айдан бері ресми түрде бас маман болып жұмыс істеп жүрмін. Әрине, маған маңызды тапсырмалар ә дегеннен жүктелген жоқ, бірақ мен айналамды бақылап, жұмысты біртіндеп түсіне бастадым. Арада көп уақыт өтпей орын босады да мені ресми түрде жұмысқа орналастырды, - деп Мадина әңгімесін өрбітті.

Осы жылдың өзінде ғана «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша екі мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Тағылымдамадан өткен өзге де жастардың түпкі мақсатына жетуі үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

– Жастар практикасын маған ғана өз көмегін тигізген жоқ, бірге оқыған құрбым да осы мүмкіндікті пайдаланды. Өткен жылы правктикадан өтіп, міне бір жылдан бері Нұр-Сұлтанда өз мамандығы бойынша жұмыс істейді, – деп бойжеткен әңгімесін жалғады.

Осы жылдың соңына дейін 30 мыңға жуық жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 5 мыңы жастар практикасынан өткен. Бұл жобаның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, елдегі жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі туып отыр.

– Ең маңыздысы, жастар практикасында өз мамандығыңның қыр-сырын меңгеруге зор мүмкіндік бар. Жұмыс істеп жүріп жаңа ақпарат аласың, құжаттармен жұмыс істеуді үйренесің. Бұл тек тәжірибе ғана емес, өзіңді қызықтыратын жұмыс па, жоқ па түсініп, шешім қабылдау мүмкіндігі, - деп Мәдина сөзін аяқтады.

16 тамыз, 2019 - 16:59 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші