check

You are here

Еңбек министрлігінің цифрлық трансформациясы: мемлекеттік қызметтер

мемлекеттік қызметтер

Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтің 80% электрондық форматқа көшірілетін болады, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл ретте Үкімет қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттардың санын 110 миллионға қысқартуды жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары Қазақстандағы аса маңызды және сезімтал сала болып қала беретіні құпия емес.

Бүгінде ведомство көрсететін 38 мемлекеттік қызметтің 13-і электрондық форматта, төрт қызмет – проактивті (өтінішсіз), жеті қызмет-бір өтініш принципі бойынша көрсетіледі. Атап айтқанда, бала туу бойынша жәрдемақы өтінішсіз тағайындалады. Ал бір өтініш принципі бойынша кешенді түрде төрт түрлі зейнетақы төлемі тағайындалады. Сонымен қатар, жақында енгізілген электрондық мемлекеттік қызметтердің ішінде міндетті сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмыс берушінің жұмыскерге жүргізген әлеуметтік аударымдар туралы толық және уақтылы мәліметтерді иеленуге мүмкіндік беретін әлеуметтік есептеудің жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру бойынша қызмет ұсынылғанын атап өткен жөн.

Министрліктің жоспарында жылдың соңына дейін тағы 20 мемлекеттік қызметті электрондық және проактивті форматқа көшіру көзделген. Мәселен, 1-топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жолдама беру сияқты қызметтерді электрондық және проактивті форматқа ауыстыру жоспарлануда. Сонымен бірге, ведомство азаматтарға онлайн режимде көрсетілетін қызмет қандай деңгейде екенін көруге мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтердің мониторингі жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Еңбек министрлігін цифрландыру шеңберінде: электрондық еңбек биржасы, электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі, пилоттық режимде – отбасының әлеуметтік картасы және әлеуметтік қызметтер порталы және т. б. бірқатар жобалар табысты іске асырылып жатқанын атап өткен жөн.

15 тамыз, 2019 - 09:22 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші