check

You are here

ҚАЗАҚСТАНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

әлеуметтік карта

Дүйсенбі, 12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Ведомствоаралық кеңестің отырысында елдегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының өзекті мәселелері талқыланды.

Жиналыс барысында көптеген отбасылардағы жағдайдың жақсаруы ретінде «Отбасылық әлеуметтік карта» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Бұл жоба өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға әлеуметтік көмек пен жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар ұсынатын автоматтандырылған деректер негізінде отбасының нақты мәртебесін дәл айқындауға мүмкіндік беруі тиіс.

«Елбасы да, Президент те айтқандай, әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмекті оларға мұқтаж адамдар мен отбасылар алуы тиіс. Осы үшін де отбасының әлеуметтік жеке картасы жасалады», - деді ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ, Министрлік осы мәселеде оң нәтижеге қол жеткізу үшін басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті.

«Бірінші қыркүйекке дейін әлеуметтік картаға қатысы бар барлық министрліктер мен ведомстволардың ақпараттық жүйелері түгел өзектіленуі, интеграциялануы тиіс», - екенін атап өтті министр.

Сондай-ақ, отырыста «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметкердің мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу, үйде күтім жасауға мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін волонтерлерді тарту туралы мәселелер тыңдалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыстың басым бағыттары бойынша ведомствоаралық кеңестің құрамы кеңейді. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері және Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттары кірді.

12 тамыз, 2019 - 20:14 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші