You are here

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында жарақат алу

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында жарақат алу

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында 96 жұмысшы зардап шеккен, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64,9 пайызға төмен. Адам шығыны 7-ге жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға азайған (2018 ж. 10 адам). 

Жазатайым оқиғаға әкеліп соқтыратын ең көп таралған құқық бұзушылықтар: еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етпеу, қызметкер нұсқаулығы мен оқыту жұмыстарын өткізбеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ арнайы киім, арнайы аяқ киіммен және т.б. қамтамасыз етпеу.

Құрылыс саласындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақатты азайту мақсатында:

- Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесіп (Атамекен ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы) өндірістік жарақаттануды азайтуды және жұмыс орындарындағы қауіпті жағдай бойынша 2019-2023 жылдарға арналған ҚР Жол картасын әзірледі (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген). Ол орталық мемлекеттік органдарға, әкімдік және әлеуметтік әріптестерге онда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілді.
- Өндірістік жарақаттануды азайту бойынша, залал келтіретін және қауіпті еңбек жағдайлары орын алған жұмыс орындары бойынша өңірлік жол картасы қабылданды. 
- Өңірлерде өндірістік жарақаттың көбеюіне мүмкіндік беретін жарақат алу қаупі бар кәсіпорындар анықталды, бұл ретте олардың әрқайсысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, ол арқылы ай сайынғы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырыстарын бақылауға болады.
Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жұмыс беруші оқиғаны саралап, қызметкерлер денсаулығына залал келтіретін қандай да бір қауіпті болдырмау үшін қажетті шараларды жасауы қажет. Ал жұмысшылар өз кезегінде, жұмыс орнында жарақат алмау үшін техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс .

Темы мультимедиа: 
Бөлімдер:
9 тамыз, 2019 - 16:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші