check

You are here

Нұр-Сұлтан қаласында көпір салушыларға жалақы бойынша берешектер төлене бастады

Нұр-Сұлтан қаласында көпір салушыларға жалақы бойынша берешектер төлене бастады

Ағымдағы жылғы 8 тамызда сағат 10.00-де вахталық әдіспен жұмыс істейтін 26 жұмыскер Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан көпірдің жанына жиналып, жалақы бойынша берешекке байланысты наразылықтарын білдірді.

Құрылысшылар жиналған орынға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас еңбек инспекторы Ерлан Бердалин барды.

Нәтижесінде 26 қызметкердің 5-6 айға алмаған жалақысы бойынша берешек сома шамамен 13 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды.

Т.Оспанқұлов пен ЖШС басшысы Тимур Накусовтың әңгімелесуі барысында жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы бойынша берешекті толығымен төлеуге уәде берді.

9 тамыздағы жағдай бойынша жұмысшыларға үш айлық жалақы бойынша берешек өтелді. ЖШС басшысы берешек қалдығын жақын күндері төлеуге міндетті.

Сонымен бірге, компания қызметкерлері Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ұжымдық арыз жазып, қазіргі уақытта оған сәйкес компанияның Қапшағай қаласындағы бас кеңсесінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде.

9 тамыз, 2019 - 17:21 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші