You are here

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеум.даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеум.қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі

2015 жылғы  23 қарашадағы  Қазақстан Республикасы  Еңбек кодексінің 16-бабы 22) тармақшасына сәйкес «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізіліп жатыр:

13-тармақтың 2-бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

«Арттыру коэффициенті арттырудың соңғы айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық жалақыны) арттыруға дейін белгіленген әр тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық жалақыға) бөлу жолымен есептеледі».

Бұл ретте, арттыру коэффициентін есептеу әдістемесі өзгермейді, тиісінше жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің жағдайын нашарлатпайды.

7 тамыз, 2019 - 11:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші