check

You are here

Бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 9 тамызда № 356-357 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы  29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды.»;

3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерді аттестаттаудың негiзгi мақсаты:

1) арнаулы әлеуметтiк қызметтерді көрсету жүйесiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдiстердi игерген жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;

2) әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру;

3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеуметтік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады.

4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында жүргізілетін рәсім;

2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.

5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында бес жылда кемiнде бiр рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткiзiледi, бұл ретте бала күтiмi бойынша демалыста жүрген әлеуметтiк қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.

6. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкер атқаратын лауазымы бойынша біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтініш беру негізінде өтеді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілікке қойылатын талаптарды ескере отырып бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Аттестаттауды өткiзу бойынша жұмысты ұйымдастыру»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткiзу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) тұрақты жұмыс iстейтiн аттестаттау комиссиясын құрады.

11. Аттестаттау комиссиясы саны кемiнде бес адамнан тұратын комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясын оның Төрағасы болып табылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысы не оның орынбасары, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары басқарады. Аттестаттау комиссиясының Төрағасы оның қызметiн басқарады, отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, аттестаттау комиссиясының қызметi мен оның қабылдаған шешiмдерiне жалпы бақылауды жүзеге асырады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Аттестаттау комиссиясы өз қызметiн осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Әлеуметтiк қызметкер мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;

кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

ұйымның кадр қызметi куәландырған бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

ұйымның кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

аттестаттаудан өту туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Тестiлеу»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Тестiлеу әлеуметтік қызметкердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде өткiзiледi. Тестiлер әлеуметтiк қызметкердiң негiзгi қызмет түрлерiн қамтуға және:

1) міндетті аттестаттау кезінде 60 сұрақтан тұруға тиiс, оның ішінде:

10 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

30 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша;

2) мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 сұрақтан тұруға тиiс, оның ішінде:

20 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

40 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша.

Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Уәкілетті орган тест сұрақтарын жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей міндетті аттестаттаудан және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін бекітеді. Тестілер жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме (ұйым) тиісті жылы алғаш рет аттестаттау өткізген жағдайда тестілеу күнінен кемінде екі ай бұрын уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді. Уәкілетті орган тестілеу өткізу күнінен  күнтізбелік 15 күн бұрын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысына тестілік тапсырмаларды пошта бойынша тестілеу өткізуді ұйымдастыру үшін жібереді. Тестiлердi орындауға берiлген уақыт міндетті аттестаттау кезінде 60 минутты, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 минутты құрайды.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Аттестаттау комиссиясы мен уәкілетті органның, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) бірінші басшылары тестілеу сұрақтарының құпиялығы мен оларды тестілеу өткізу уақытына дейін жарияламауды қамтамасыз етеді.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Әңгiмелесудi өткiзу»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Қайта аттестаттау»;

6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. Қорытынды рәсiмдер»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан табысты өткен әлеуметтік қызметкерге уәкілетті орган хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес аттестаттаудан өтуі туралы куәлік бередi. Аттестаттаудан өтуі туралы куәлік беру журналда тiркеледi.»;

мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:

«36. Біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру туралы
куәліктің жарамдылық мерзімі аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап 5 жылды құрайды.»;

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                    Б. Сапарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pi-29812-template_kz.doc56.5 KB
Microsoft Office document icon pi-29812-kosymsha.doc31 KB
Бөлімдер:
30 шілде, 2019 - 12:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші