check

You are here

Еңбек министрлігінде Президенттің тапсырмаларын нәтижелі түрде іске асыру мәселелері талқыланды

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Ауыл шаруашылығы, Әділет, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, бейнеконференция байланысы режимінде – өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері мен еңбекпен қамту  басқармаларының басшылары қатысты.

Бердібек Сапарбаев кеңес жұмысын аша отырып, халықтың жұмыспен қамтылуына және мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығына қатысты Ел Президентінің бірқатар нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.

«Бірінші жартыжылдықтың нәтижелеріне сүйенсек, бұл жұмыс бірқатар өңірлерде тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын көрсетіп отыр», - деді министр. Атап айтқанда, ол жергілікті бюджеттен АӘК қоса қаржыландыру мәселелерін шешу, жәрдемақы тағайындау мен төлеу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу, артық төлем және заңсыз төленген қаражатты өндіріп алу, учаскелік комиссиялардың жұмысын жақсарту қажеттігіне назар аударды.

«Сондай-ақ, әлеуметтік келісім-шарттар жасау және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмысқа орналасуы бойынша шаралар Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында баяу іске асуда. Барлық көрсетілген кемшіліктерді 1 тамызға дейін шешу қажет. Министрлік бұл мәселе бойынша апта сайын талдау жүргізеді», - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар, кеңесте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Еңбек министрі бірқатар өңірлерде бағдарлама көрсеткіштерінің орындалмай жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында қысқа мерзімді оқыту жоспардың 15-20 пайызы деңгейінде ғана. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік гранттар беру бойынша көрсеткіштер төмен деңгейде.

«Ел Президенті Үкімет пен әкімдердің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Мен барлық өңірлерді ол міндеттердің сапалы орындалуына ерекше жауапкершілікпен қарауды сұраймын», - деп қортындылады министр.

13 тамыз, 2019 - 10:15 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші