You are here

ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Менің анам - Апсенова Нұрсулу мектеп мұғалімі! Қазіргі таңда айлығы 50000 теңгеден төмен және өз атында несиесі бар! 1997 жылы әкеміз қайтыс болғаннан бері қарындасымыз екеумізді өзі асырап келді. Мемлекет тарапынан жәрдемақы 23 жасқа дейін берілді. Қазір менің жасым 26-да тұрақты жұмыс жасаймын, өз атымда несие бар, қарындасымның жасы 23-те студент, өз атында несиесі жоқ. Менің сұрағым, ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту бойынша бір жолғы 300000 теңге маған немесе анама қатысы барма?

Рахмет!!! 

Жауап: 

Құрметті Азат!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес бір реттік тәртіппен екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздарды өтеу шаралары келесі шарттармен қабылданады:
1) аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектері бар отбасылар, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, 29 жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылады;
2) қарыз бойынша жалпы берешегінің 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 теңгеден аспауы;
3) бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өтелетін берешек (негізгі борышы + сыйақыдан тұратын) мөлшерінің 300 000 теңгеден аспауы.
«Электрондық үкімет» порталында орналастырылған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес берешекті өтеу үшін мемлекеттік органдарға, банктерге өтініш беру талап етілмейді. Берешекті өтеу тиісті органдар мен ұйымдардың деректермен алмасуы нәтижесінде жүзеге асырылатын болады. Берешекті өтеу бойынша барлық рәсімдерді ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр.
Ал қарыз бойынша толық ақпаратты (мемлекет қарызды қандай мөлшерде төледі, берешек қалдығының мөлшері, төлем кестесіндегі өзгерістер) барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, яғни ағымдағы жылдың қыркүйек айында банктер мен микроқаржы ұйымдарына жүгініп білуге болады.

Сұрақтың нөмірі: 362138
29 шілде, 2019 - 14:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші