You are here

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

Жаңа кәсіп бастаушыларға мүмкіндік көп

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы кәсібін кеңейтуді мақсат еткен 14 мың қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алған. Оның 10 мыңға жуығы – жұмыссыз жандар.

Микрокредиттің тағы бір артықшылығы – жаңа жұмыс көздерінің пайда болуы. Бұл ретте, жаңа кәсіп орындарының ашылуына және қаржыландырылуына байланысты 12 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылған.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Мичурино ауылының тұрғыны Татьяна Ивакина 2018 жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқу курсынан өткен. Сол жылы кәсіпке қажетті жабдықтар сатып алу мақсатында 6 млн. теңге микрокредит алған. Осылайша, «Зеленая ферма» жеке кәсіпкерлігін құрып, гидропоникалық тәсіл бойынша өндіретін өсімдік шаруашылығын қолға алған.

Қазақстанда гидропоникалық тәсіл бойынша өнім өндіру саласы жақсы дамымаған. Сол себепті, Татьяна адам денсаулығына пайдалы әрі ерекше өнімдерді шығарып қана қоймай, сонымен бірге ауыл шаруашылығының инновациялық саласына үлес қосқысы келеді.

Өндіріс саласына қажетті құрал-жабдықтарға Ресей арқылы арнайы тапсырыс берген.

«Біздің өнімдердің халыққа берер пайдасы мол. Көкөніс, смузи және басқа да табиғи өнімдер салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға көмектеседі. Қант диабеті, онкологиялық аурулар, қан қысымының төмендеуі, қан құрамындағы қанттың төмендеуі секілді түрлі дертке шипа бола алады», - дейді Татьяна Ивакина.

Гүлнәр Өнерхан Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында тұрады. Ол 2017 жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне үйренген. Өз кәсібін ашу мақсатында мемлекеттен 3 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген микрокредит алған. 

Гүлнәр бүгінде қазақы нақышта бұйымдар тігетін «Ақжол» тігін шеберханасын ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Өзіне ұнайтын жұмысты бағдарлама арқылы кәсіп көзіне айналдырып, сүйікті ісінің жемісін көріп келеді. Айтуынша, тігін шеберханасына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда қаласынан жиі тапсырыстар түсіп тұрады екен. Қолөнерші өз бұйымдарының бағасы қолжетімді екенін айтады.

15 шілде, 2019 - 18:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші