You are here

Жастардың жұмыспен қамтылуы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша республика бойынша 3,9 млн. жас адам бар.

2019 жылғы I-тоқсанда жастар арасында жұмыссыздық деңгейі - 3,9% немесе 83,7 мың адамды құрады.

Бұл ретте, экономикалық тұрғыдан белсенділердің саны 12,8%-ға немесе 305 мыңға жуық адамға азайды.

2019 жылғы I-тоқсан қорытындысы бойынша 15 және 28 жас аралығындағы  экономикалық тұрғыдан белсенді жастардың үлесі 2 168,9 мыңды, оның ішінде жұмыс күші құрамына жатпайтын 2 085 мың адам жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз) – 1 427,6 мың адам (15 жастан кейінгі күндізгі оқу нысанындағы оқушылар және студенттер, жұмыс жасамайтын мүгедектер, үй шаруасындағы әйелдер, бала күтіміне байланысты, жеке қосалқы шаруашылығындағы өз қажеттілігіне қолдану үшін жұмыс жасайтындар).

Жұмыспен қамтылған жастардың арасында 1 592,6 мың адам немесе 76,4% жалдамалы жұмыскерлер, 492,4 мың адам немесе 23,6% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Экономиканың салалары бөлісінде, жұмыспен қамтылғандардың қатарынан ең көбі – 401,7 мың адам (19,3%) сауда мен қызмет көрсету саласында, 240,5 мың адам (11,5%) – білім саласында, 233,6 мың адам (11,2%) – ауыл шаруашылық саласында жұмыспен қамтылған. Ал өндірісте 231,5 мың адам (11,1%) жұмыс жасайды.

2019 жылғы I-тоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында жалпы (92,7 мың адам) тіркелгендердің 72 мың жас адам немесе 56,7% жұмыссыз ретінде тіркелген.

Еңбек нарығын дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты келесі үш бағыт бойынша проблемаларды шешу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және басқа тұлғаларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту болып табылады:

Бірінші. Техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қамтамасыз ету;

Екінші. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

Үшінші. Жұмыспен қамту және еңбек ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту.

Сондай-ақ, «Тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасы жүзеге асырылуда, оның арқасында 9-11 сыныптан кейін білімін жалғастыра алмаған мектеп түлектері алғашқы жұмыс мамандығына тегін оқуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқыту курстары (6 айға дейін) ұйымдастырылады.

Осылайша, 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Атамекен» ҰКП колледждерінде және оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарда қосымша біліктілік пен біліктілікті алуға 7,7 мың адам оқытылды.

Бағдарламаның екінші бағыты «Атамекен» ҰКП «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша микрокредиттеу және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

«Бастау-Бизнес» жобасында бизнестің негіздеріне оқытуға 4,8 мың адам қамтылды 505 адам микрокредит алды, 328 адам грант алды.

2018 жылдан бастап 100 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттарды тегін беру түрінде жаңа бизнес-идеяларды дамытуға бағытталған жаңа құрал іске асырылды. Бұл бағдарлама биылғы жылы бағдарлама қатысушыларына көп балалы, мүгедектер мен жастардан тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты ішкі ұтқырлықты және жұмысқа орналасуды қолдауды көздейді.

Елдің өңірлерінде жұмыс күші тапшы өңірлерді толтыру үшін,
2019 жылдың 6 айы ішінде 95 еңбекке қабілетті отбасы мүшелері қоныс аударды, олардың 73-і жұмысқа орналастырылды.

Бұдан басқа, Бағдарлама еңбек күші аз өңірлердегі жастарға жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруді ұсынуға бағытталған және олардың жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналасуына бағытталған «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін») жобасымен толықтырылды.

Барлығы 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен  жастар арасынан 95 мыңнан астам адам қамтылды, олардың 82 мыңнан астамы немесе 86% жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ұйымдастырылды, олар 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында
37 мыңға жуық адам жіберілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жастар жылы» шеңберінде жастарды қолдау бойынша 3 жыл ішінде 1 млн. жас адамды қамтумен «Жастар – ел тірегі» бағдарламасы іске қосылды.

«Жас маман» жобасы шеңберінде үш жыл ішінде 200 мың жастарды тартумен 200 жаңартылған оқу орындарында (20 озық ЖОО және 180 озық колледж) еңбек нарығында 100 сұранысқа ие индустриалды және қызмет көрсету кәсіптері бойынша кадрларды даярлау көзделуде.

Қосымша 150 мың жас азамат үшін сұранысқа ие кәсіптік дағдыларды игеру бойынша онлайн оқытулар ұйымдастырылады.

«Жас Маман» жобасын іске асыру нәтижесінде 20 ЖОО мен 180 колледждің негізгі мамандықтарын жаңғырту жоспарлануда; заманауи жабдықтардың 400 жиынтығын сатып алу; 200 мыңға жуық білікті кадрларды даярлау; 15 мыңнан астам педагогтарды біліктілігін арттыру.

Айта кету керек, алған мамандық бойынша (мамандықта) бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесі кәсіпорындарында және ұйымдарында сәтті жүзеге асырылады. Егер 2018 жылы 28 мың жас жастар тәжірибесіне қатысуға мүмкіндік берсе, онда «Жас Маман» жобасы аясында жастар тәжірибесі арқылы үш жылда 30 мың адамға дейін жету күтілуде.

Мемлекеттік қолдау шарасының арқасында жастар өздерінің әлеуетін іске асыра алады және оқытудан кейін қажетті тәжірибеге ие болады.

II. «Жас кәсіпкер» жобасы - бүкіл ел бойынша жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша іс-шаралар кешені, оның шеңберінде бизнес дағдыларын, коучингті, психологиялық қолдауды және іске қосу жобаларын іске асыруға көмек көрсету бойынша шараларды кеңейту жоспарлануда.

Бұл жоба келесі құралдарды қамтиды.

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері, Қазақстан бойынша үш жылда кемінде 60 мың жасты тартады. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы оларға өз бизнесін бастауға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын да ашуға мүмкіндік береді.

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік жастар гранттары жыл сайын 10 мың жас адам 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін).

 

15 шілде, 2019 - 16:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші