You are here

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпарат

Қазіргі таңда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылады.

2019 жылғы 1 шілдеде Бағдарламаға қатысушылар саны 280,8 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыссыздар151,3 мың адам (54%), жұмыссыздардың 80,7 мыңы ауыл тұрғыны және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар40 мың адам (14%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 23,8 мыңы ауыл тұрғыны болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар қатарынан жұмыссыздардың ең жоғары үлесі Атырау – 82% (8,1 мың адам), Маңғыстау – 81% (16,7 мың адам) облыстарында және Нұр-Сұлтан – 75% (3,7 мың адам) қаласына келеді.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі жоғары өңірлер: Шымкент қаласы – 50% (5,8 мың адам), Түркістан – 24% (10,4 мың адам) және Ақмола облысы – 21% (2,2 мың адам). 197,8 мың адам жұмысқа орналастырылса (112 мың жұмыссыз, 16,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған), оның ішінде 120,5 мың адам немесе 61%-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

2019 жылы бірінші бағыт шеңберінде өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 121 мың адамға оқыту ұйымдастырылады, оның ішінде: 21 мың адам – бұл оқу орындарына түспеген мектеп түлектерін қоса алғанда жұмыссыз жастар. Оларды оқыту 1 қыркүйектен басталады және ТжКБ базасында стипендия төлеумен және бірреттік ыстық тамақ берумен тегін жүргізіледі, ал өзге қалалықтарға жол жүру және өмір сүруге материалдық көмек көрсетіледі; қалған 100 мыңы – бұл жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, олар дағдыларға үйрену үшін қысқа мерзімді курстарға жіберіледі.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеде қысқа мерзімді курстарға 21,6 мың адам (14,7 мың жұмыссыз, 6,9 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған) жіберілді, оның ішінде 3,0 мың адам оқуды аяқтады.

Екінші бағыт бойынша ағымдағы жылы микрокредиттеумен 19 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 16,7 мыңы қалаларда, 2,3 мыңы ауылдарда.

Ағымдағы жылғы 6 айда 3 818 микрокредит (0,7 мың жұмыссыздар, 3,1 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған), оның ішінде ауылдарда – 3 218 немесе жылдық жоспардың 19,3%, қалаларда 600 немесе 25,7% берілді.

Берілген микрокредиттерден Start-up жобаларды қолдауға 2 130 микрокредит (55,8%), зәкірлік кооперацияны дамытуға 286 микрокредит (7,5%), жеке ісін кеңейтуге 1 402 микрокредит (36,7%) келеді. Ауылдағы микрокредит алушылар қосымша 3 815 жаңа жұмыс орнын құрды.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15,0 мың адам немесе нақтылауды ескермегенде (жоспар – қосымша бекітумен 75 мың адам) бекітілген жоспардың 100%-ы қамтылды, оның ішінде 490 адам микрокредит және 1 072 адам жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға грант алды.

Ағымдағы жылы 13,6 мыңнан астам қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. Есептік кезеңде 2 334 грант берілді (403 жұмыссыз, 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған).

Грант алушылардың қатарын кеңейтуге көпбалалы, табысы аз отбасылардың, жастардың және мүгедектердің қатарынан 23,8 мың адамды қамту үшін қосымша 12,0 млрд. теңге бөлінді.

Үшінші бағыт бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына 87 мың адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 17 мың адам, жастар практикасына – 15 мың, қоғамдық жұмыстарға – 55 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін құрамында 3 707 адам бар 1 056 отбасы (жоспар – 2 253 отбасы, 9 614 адам) қоныс аударды. 1 190 адам немесе еңбек етуге қабілетті қатысушылардың (1 879 адам) 63%-ы жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, 54 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 23 адам жаңа тұрғылықты мекенжайы бойынша оқытуға жіберілді.

Қоныс аударушылар қатарында 1 394 жұмыссыз және 485 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар.

15 шілде, 2019 - 16:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші