check

You are here

Еңбекті бағалау бойынша

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Сіздерге жазып отқан себебіміз, "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалының қызметкері өтініш білдіріп келді. Ол кісінің айтуынша, аталған мекеменің басшысы жұмысшыларының еткен еңбегін бағаламайтындығын айтып, тіпті түнгі кезекте де жұмыс істететінін айтып шағымданып отыр. Оның үстіне салауатты өмір үшін төленетін ақшаны төлемейтіндігін айтқан. Сонымен қатар, жұмысшыларға, атап айтқанда, дворник, электрик секілді жұмысшыларға ақша төлеу үшін дворниктің дипломын алып келіңдер деп айтып жатыр екен. Өтініш иесінің аты-жөні Пралиев Еснбай Талипбайұлы. Өтінішке жақын арада жауап береді деген ойдамыз.                  

Жауап: 

Құрметті Гүлдана Сексенқызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылауды еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталмауына байланысты жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері жоспардан тыс тексерудің негізі болып табылады.
Сіздің өтінішіңіздегі «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалындағы еңбек заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында орын алғанымен, Сіз еңбек қатынасының бір тарабы болып саналмайсыз.
Демек, алдағы уақытта, нақты құқық бұзушылықты көрсете отырып, құқығы бұзылған тұлғалардың атынан сенімхат арқылы Түркістан қ., Кентау тас жолы, №2 ғимарат мекен-жайында орналасқан Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жүгіне алатындығыңызды назарыңызға саламыз.

Сұрақтың нөмірі: 361904
16 шілде, 2019 - 19:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші