check

You are here

Еңбек министрлігі мен «Қазцинк» көпбалалы отбасыларды қолдау туралы меморандумға қол қойды

Еңбек министрлігі мен "Қазцинк" көпбалалы отбасыларды қолдау туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша ауқымды жұмыс өз жалғасын табуда. 5 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының ірі тау-кен-металлургиялық компаниясы мен «Казцинк» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподағы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Құжатта төрт немесе одан да көп баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралардың айтарлықтай тізімі қарастырылған.

Осы құжаттың шеңберінде «Казцинк» ЖШС-і көпбалалы жұмысшыларға қосымша әлеуметтік төлемдерді енгізуге міндетті.

Ең алдымен, компания жекелеген қызметкерлерге мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы төлем жасау бойынша атаулы көмек көрсетеді. Қаржылық қолдау оқу жылының басында да қарастырылған, яғни, «Казцинк» көпбалалы отбасылардың әр баласының мектепке дайындалуына қаражат бөледі. Сондай-ақ, каникул кезінде демалыс күндер қосылып, Жаңа жыл мен Наурыз мейрамдарының қарсаңында қосымша төлемдер белгіленді. Кәсіподақ тарапынан мұндай отбасыларды демалыс базаларына және лагерлерге жеңілдігі бар жолдамамен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Бердібек Сапарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарын, әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететінін атап өтті.

«Елбасы мен Президенттің тапсырмасы бойынша бизнес-қоғамдастықпен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 1419 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, оның ішінде 491-і демеушілер мен кәсіпкерлер есебінен баспаналы болды», - деді министр.

Бұл меморандум Қазцинк» саясатына сәйкес келетін әлеуметтік жұмыстың жаңа бағыты болып табылатынын атап өту керек.

- Біз қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің өміріне жақсы жағдай жасау позициясын үнемі ұстанып отырамыз, - деп атап өтті компанияның бас директоры Александр Хмелев.

«Қазцинк» қызметкерлері мен олардың жақын туыстары компания бөлімшелерінің барлық қалаларында елеулі әлеуметтік артықшылықтарға ие бола алады. Кәсіподақ мүшелері де қосымша жеңілдіктер алады. Компания қоғамның өзекті проблемаларына аса сезімтал, біз әрқашан қызметкерлердің маңызды мәселелерін шешуге тырысамыз.

Іс-шара барысында 5 көпбалалы «Қазцинк» қызметкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаға сертификаттар берілді.

«Қазцинк» ЖШС-де жұмыс істейтін екі және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар қосымша демалыс күндерін алуға құқылы, ал бір жарым жасқа дейінгі балалардың аналары компаниядан ай сайын төлемдер алып отырады. Сонымен қатар, ата-аналар үшін басқа да жеңілдіктер мен ерекше жағдай жасау пакеттері қарастырылған.

5 шілде, 2019 - 16:35 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші