check

You are here

Еңбек министрі ЕҚДБ-ның вице-президентімен кездесті

Еңбек министрі ЕҚДБ-ның вице-президентімен кездесті

Сейсенбі, 2 шілде күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті мен тәуекелдерді басқару және бақылау жөніндегі директоры Элизабет Нельсон бастаған делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында еңбек саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету процессіндегі ынтымақтастық мәселелері мен өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды. Министр сөз басында Қазақстанның заңнамасы еңбек саласындағы гендерлік теңдікті, соның ішінде жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарға әйелдерді тұрғызуға жол берілмейтінін атап өтті.

«Бұл шара  аналарды қорғауға және әйелдердің денсаулығын сақтауға және ХЕҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының қағидалары мен ережелеріне сәйкес келеді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Әңгіме барысында ол Қазақстандағы кәсіби стандарттардың дамуы туралы айтып берді.

«Министрліктің басты міндеті - халықты, соның ішінде әйелдер мен жастарды жұмыспен қамту. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз басқа мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп 38 салалық біліктілік шеңбері және 480 кәсіби стандарттарды әзірлеу үстіндеміз», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Элизабет Нельсон ханым әйелдерге тыйым салынған кәсіптік санаттарды жоюды жалғастыру және кәсіби дағдылар стандарттарын әзірлеу барысында бірігіп күш салудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Элизабет Нельсон ағымдағы жылдың 28 маусымында Алматыда өткен EWBF-2019 Еуразиялық әйелдер форумы туралы айтты. Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен USAID ұйымының қолдауымен өткізілетін бұл іс-шара дәстүрге айналды. Биыл EWBF Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан қатысушыларды шақырды. Ал осыдан төрт жыл бұрын бұл форум қазақстандық бизнес саласындағы әйелдерге арналған жергілікті алаң ретінде басталды. Олар тәжірибе алмасу және жаңа серіктестерді іздеу үшін жиналатын.

3 шілде, 2019 - 21:38 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші