check

You are here

Еңбек министрлігінің жанынан құрылған жұмыс тобы «Бақытты Бала – Бақытты Ана – Бақытты Отбасы – Бақытты Ел» жол картасын әзірледі

жұмыс тобы

Дүйсенбі, 1 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен табыстарды арттыру мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі - Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі - Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі - Ақтоты Райымқұлова, Ауыл шаруашылығы министрі - Сапархан Омаров сондай-ақ, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылар мен бастамашыл топтың өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар «Бақытты Бала – Бақытты Ана – Бақытты Отбасы – Бақытты Ел» атты Жол картасы жобасын талқылап, онда жұмыс тобының табыстарды арттыру мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстары енгізілді.

Маусым айында жұмыс тобы 16 орталық мемлекеттік органдардың және мекемелердің басшыларымен барлығы 25 кездесу өткізді. Жол картасының жобасы әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, көлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелеріне қатысты 9 бөлімнен тұрады. Барлығы 151 пункт", - деді вице-премьер.

Бердібек Сапарбаев ведомствоның осы бағыттағы жұмысы туралы баяндады.

«Өздеріңізге белгілі, мемлекет әлеуметтік саланы қаржыландыруды едәуір ұлғайтты. Елбасының тапсырмасы бойынша «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шаралары жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлығының игілігі! Үздіксіздік. Әділет. Прогресс» атты сайлау алды бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылуда. Әлеуметтік карта, Әлеуметтік қызмет көрсету порталы сияқты жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде, жастарды, көп балалы отбасыларды және мүгедектігі бар азаматтарды оқытуға және жұмыспен қамтуға бағытталған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жол картасының 32 мәселесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне жатады. Олардың ішінде 6 пункт қолдау тапты, 7 – орындалды, 17 – қарауда, 2 пункт бойынша қолдау көрсетілмеді. Сіздер көтеріп отырған барлық мәселелер назардан тыс қалмайды", - деді Еңбек министрі.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың басшылары Жол картасының әрбір тармағы бойынша жұмыс тобының мүшелерін егжей-тегжейлі хабардар етіп, бастамашыл топтың ескертулері мен ұсыныстарын талқылады.

1 шілде, 2019 - 19:56 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші