You are here

Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1- бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңының _ _ - бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін  азайтуға және көрсетілетін төлем  қызметтері   үшін комиссиялық төлемге бөлінген қаражатты пайдалану қағидалары  (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыратын ұйым болып белгіленсін.

3. Қағидалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):

1) бөлінген сомалардың уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін бөлінген соманың пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pprk_rus_6.doc30 KB
Microsoft Office document icon pravila_rus.doc55.5 KB
Microsoft Office document icon pprk_kaz_7.doc32.5 KB
Microsoft Office document icon pravila_kaz.doc54 KB
30 маусым, 2019 - 16:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші