check

You are here

46 мың қазақстандық «Еңбек» бағдарламасы бойынша сұранысқа ие мамандықтарға оқытылатын болады

Еңбек

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның белсенді қатысуымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту курстарын қайта қарастырды.

Бұл шара биылғы жылы білім беру мекемелерінің түлектерін барынша жұмыспен қамтамасыз етуге және мемлекеттік шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда, Smart Data Ukimet арнайы жобасының аналитикалық мәліметтері негізінде, өңірлердің нақты қажеттілігі ескеріліп, қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу үшін қажетті біліктілік пен дағдылар тізімі қалыптастырылды. Бұл тізімге 200-ден астам біліктілік пен дағды енгізілгендігін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігі 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізімін қалыптастырып, бекітті. Бұл тізімге жоғары білімді қажет ететін 35, техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 – мамандық кіріп отыр. Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, Дүниежүзілік банктің қолдауымен 534 оқу ұйымының оқу орталықтары мен оқу орындарының Реестрі құрылды.

Олардың барлығы дуалды оқыту элементтерін тәлімгерлікте пайдалану мен қысқа мерзімді кәсіби білім беруді сертификат немесе куәлікті беру арқылы бір жылдық тәжірибенің болуы талаптарына сай келеді.

Сондай-ақ оқу орталықтары мен оқу орындарының реестріне енгізу үшін заманауи материалдық-техникалық базаның болуы қажет, ал оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру деңгейі кемінде 60% - ды құрауы тиіс. Бұл ретте, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың білім беру бағдарламалары ӨКП-мен және жұмыс берушілермен келісілуі тиіс.

Жұмыспен қамтудың ең жоғары көрсеткіші экономиканы дамыту үшін қажетті шарт болып табылған жағдайда, ол мемлекет пен бизнестің сапалы синергиясының үлгісі екендігін атап өткен жөн.

Жаңашылдықтың басты артықшылығы - азаматтардың кәсіби даярлығын жүргізетін білім беру ұйымдарының сапалы іріктеуі мен еңбек нарығында оқығандардың өзектілігін қамтамасыз ете алуы.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері 16 мыңнан астам адам оқуға жіберілді. Осылайша, ағымдағы жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстарда 46 мың қазақстандықты оқыту жоспарлануда.

27 маусым, 2019 - 15:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші