check

You are here

Жүріп-тұру сипаты бар (разъездной характер) жұмыскерлерге төлеу

Сәлеметсізбе!

Біздің мекемеде ҚР Еңбек Кодексінің 130 бабына сәйкес және де ұжымдық шартқа байланысты, жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы белгіленген.

Осы жұмыскерлеріміздің жұмыс уақыты бес күндік болып саналады. 

Егер де жұмыскерлер өзінің еңбек шарттындағы жұмыс уақыты кестесінен тыс жүріп-тұру сипаты бар қызметтік сапарға шыққанда, ол кісілерге өтемақы төленеді, алайда түнгі уақыттағы жұмысы немесе демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскерге төлем жасалынбайды. Осы төлем жасамауымыз дұрыс па, сол жөнінде түсіндіріп беруіңізді сұраймын

 

 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 130-бабына сәйкес жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
Сонымен бірге, Кодекстің 103-бабына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Сондай-ақ Кодекстің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.
Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.
Кодекстің 109, 110 – баптарына сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Осыған орай жұмыскерлерге жүріп-тұру сипаты бар қызметтік сапарға шыққан жағдайда өтемақы белгіленеді, ал мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысы үшін жоғарылатылған мөлшерде ақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 361711
4 шілде, 2019 - 18:15 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші