check

You are here

Еңбек министрлігі 22 мемлекеттік қызметті электрондық және белсенді форматқа ауыстырады

отчетная цифровизация

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халықпен есеп беру кездесуінде әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 12-сі электрондық форматта, 3-еуі белсенді, 7 қызмет композитті немесе кешенді түрде көрсетіледі. Мәселен, бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер өтінішсіз немесе белсенді көрсетіледі. Барлық зейнетақы төлемдері бір өтініш бойынша кешенді немесе композитті тағайындалады.

«Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында электронды мемлекеттік қызметтердің үлесін 2019 жылы 80% - ға, 2020 жылы 90% - ға жеткізуді міндеттеді. 2019 жылы электрондық және белсенді форматқа әлеуметтік-еңбек саласының тағы 22 мемлекеттік қызметі көшіріледі» - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды көруге мүмкіндік беретін отбасылардың әлеуметтік карталары қалыптастырылатын болады. Бұл болашақта мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге мүмкіндік береді.

Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететін электрондық еңбек шарттары жүйесін енгізу жөніндегі цифрлық жобаны іске асыру жалғастырылатын болады.

«Әлеуметтік салада жұмыс істейтіндердің барлығы бұл қарапайым қайта құрулар емес, әр қазақстандыққа, әр отбасына қатысты қайта құрулар екенін түсінуі тиіс. Бұл бізден тиісті қайтарым мен жеке көзқарасты талап етеді. Біздің жалғыз ғана мақсатымыз - барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту», - деп қортындылады Еңбек министрі.

24 маусым, 2019 - 11:16 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші