check

You are here

Бердібек Сапарбаев Қазақстанда кадрлық қажеттіліктерді қалай болжанатыны туралы айтты

рынок труда

Қазақстанда еңбек нарығын жаңғырту және жаңа өзгерістерге дайындау жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Осылайша, кадрларға қажеттілікті болжаудың үш деңгейлі ұлттық жүйесі енгізіледі: қысқа мерзімді кезең (1 жыл), орта мерзімді кезең (5 жыл), ұзақ мерзімді кезең (2050 жыл).

«Ол бізге бүгін және 5-10 жылдан кейін қандай және қанша маман қажет екенін түсінуге, сондай-ақ еңбек ресурстары ағынының бағыттары ме шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелері орта және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде, қысқа мерзімді және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде қолданылатын болады», - деп атап өтті министр халыққа есеп беру кездесу барысында.

Сондай-ақ, Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру жалғасуда.

«Қазіргі таңда 106 кәсіби стандарт әзірленді, онда жұмыс берушілердің қызметкерлердің біліміне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптары көрсетілген. Ағымдағы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіби стандарт пен 38 салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылады», - деді Б. Сапарбаев.

Салалық жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар әзірлеуге тарту үшін 2019 жылы Жобалық топ құрылды, оған салалық министрліктердің басшылары кіреді. Министрлік біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуде, ол екінші жартыжылдықта қабылданады.

24 маусым, 2019 - 11:05 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші