check

You are here

2018 жылы мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға шамамен 300 млрд теңге көзделген

отчетная - итоги инвалиды

Қазақстанда шамамен 680 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 418 мыңы еңбекке жарамды жастағы азаматтар болса (61,5%), 87 мыңы 18 жасқа дейінгі бала (12,8%). 2018 жылы оларды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 294,2 млрд.теңге көзделді.

Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

 «2018 жылдың шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар кәмелеттік жасқа толған азаматқа күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақы енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар 18 жасқа толған азаматтарды күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылады. 100 мың азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін арттырылады», - деп хабарлады министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету Порталын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бұл портал мүгедектігі бар азаматтаарға өз бетінше, мемлекеттік сатып алусыз, өзінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, керекті техникалық оңалту құралдарын және қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс министрліктің маңызды басымдығы болып табылады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ағымдағы жылдың мамыр айында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешенін қамтитын мүгедектігі бар азаматтардың  құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар қабылданғанын атап өткен жөн.

«Біздің басты міндетіміз - бұл Ұлттық жоспардың шараларын барлық деңгейде сапалы іске асыру», - деп түйіндеді министр.

24 маусым, 2019 - 11:41 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші