check

You are here

Қысқартылған жұмыс уақыты

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма. Мен 5 күндік жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда жүктіліктің 25 аптасындамын, сонымен қатар жұмыс орным тұрғын үйімнен 80-85 шақырым қашықтықта, яғни басқа елді мекенде. ҚР Еңбек Кодексінің 70-бабында "Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді" делінген. Осы бапқа сәйкес мен жұмыс берушіге 8 сағат жұмыс уақытымның 1 сағатын қысқарту туралы өтініш жазсам, жұмыс беруші толық емес жұмыс уақытын белгілеуге міндетті  ме? Әлде толық емес жұмыс уақытын белгілемеу жұмыс берушінің өз еркінде ме?

Жауап: 

Құрметті Меруерт Жақсылыққызы!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 70-бабы 3 тармағына сәйкес жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

Осылайша, жұмыс беруші жүкті әйелдің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілеуге міндетті.

 

Сұрақтың нөмірі: 361296
13 маусым, 2019 - 17:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші