You are here

Заявление об обжаловании действий центра занятости в части отказа в назначении адресной социальной выплаты

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне

 

080000 Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2

үйдің тұрғыны ЖСН  760917402530

Жумадилова Алия Смаиловнадан

тел. 87775079767

Өтініш

            Мен, Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2 үйдің тұрғыны Жумадилова Алия Смаиловна «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сіне маған және отбасы мүшелеріме «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындауға 8 сәуір 2019 жылы өтініш жазған едім. Олар менің бұл өтінішімді қанағаттандырмады. Менің осы 8 сәуір 2019 жылғы өтінішімнің қанағаттандырылмау себебін жазбаша түсіндерме беруі туралы  «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сіне 29 мамыр 2019 жылы өтініш жаздым.  Менің осы 29 мамыр 2019 жылғы өтінішіме  «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сінің директоры Б.Төлегеновтың 04.06.2019 жылы жауап жазған мәлімдемесіне байланысты  менде төмендегідей сұрақ туындады:
          Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2 үйде тіркеуде,  тұрғылықты мекен-жайда  7 адам тұрамыз. Олар: мен Жумадилова Алия Смаиловна ЖСН 760917402530 және заңды некедегі жұбайым (күйеуім) Бериков Дидар ЖСН 680422300807,  балаларым Дидарұлы Арсен ЖСН 160920501173, Дидарұлы Бекболат ЖСН 130807503308, Дидар Нұрай Дидарқызы ЖСН 051122600887, Дидар Жұлдыз  Дидарқызы ЖСН 021024600620,  Дидар Меруерт Дидарқызы ЖСН 970427400722.
          Мен көп балалы анамын, менің 5 балам бар. Оның 4-еуі кәмелетке толмаған, ал
1-еуі, яғни үлкен қызым 27.04.1997 жылы туылған Дидар Меруерт Дидарқызы 22 жаста студент. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңының 2-бап, 2-тармағына сәйкес   
           - кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы беріледі деп көрсетілген.
         «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі менің жоғарыда көрсеткен 27.04.1997 жылы туылған  қызым Дидар Меруерт Дидарқызын Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау аясында есепке алмай отыр. Осы 22 жастағы студент  қызым Дидар Меруерт Дидарқызы – Қазақстан Республикасының азаматы, тұрғылықты тіркелген мекен-жайы Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2 үй. Қызым Дидар Меруерт Дидарқызы 22 жастағы студент болғандықтан, осы студент кезіндегі барлық қаржылық шығындарын ата-анасы ретінде біз көтеріп отырмыз. Бүгінгі таңда осы 22 жастағы студент қызым Дидар Меруерт Дидарқызы Туркияда Стамбул Университетінде күндізгі бөлімде оқиды, Стамбул қаласында уақытша тұрады. Студент екенін растайтын анықтамасы бар. Туркияда студент ретінде 1.10.2018 жылдан 1.10.2020 жыл аралығында уақытша тұруға арналған (вид на жительство) құжаты бар және Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас Консулдығында уақытша консулдық есепте тұрған анықтамасы бар.
         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңының 2-бап, 1-тармағына сәйкес   Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
       - Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, - деп көрсетілген.
        «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі менің 27.04.1997 жылы туылған 22 жастағы студент  қызым Дидар Меруерт Дидарқызын тұрғылықты тіркелген мекен-жайы Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2 үй, Қазақстан Республикасының азаматы екендігіне қарамастан, Түркияда уақытша оқитынын айтып, Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын азаматы ретінде есептелмейді деп,  Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау аясында есепке алмай отыр. 
         Сіздерден «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі менің жоғарыда көрсеткен 27.04.1997 жылы туылған    22 жастағы студент  қызым Дидар Меруерт Дидарқызын Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын азаматы ретінде есептемей Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау аясында есепке алмай отыру себебінің дұрыс немесе бұрыс екендігін Заң аясында анықтап беруіңізді сұранамын.

             Өтінішіме қоса тіркеген құжаттар:
1. «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сіне 29 мамыр 2019 жылғы   жазған өтінішімнің көшірмесі – 1 бет.
2. «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сінің директоры Б.Төлегеновтың 04.06.2019 ж. мәлімдемесінің көшірмесі – 2 бет.
3. Дидар Меруерт Дидарқызының мекен-жай анықтамасы – 1бет.
4. Дидар Меруерт Дидарқызының Стамбул Университетінің студенті екенін растайтын түрік тілінде жазылған  анықтамасының көшірмесі, нотариалды бекітілген орыс тіліндегі аудармасымен – 2 бет. 
5. Туркияда студент ретінде 1.10.2018 жылдан 1.10.2020 жыл аралығында уақытша тұруға арналған (вид на жительство) құжатының көшірмесі – 1бет 
6. Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас Консулдығында уақытша консулдық есепте тұрған анықтамасының көшірмесі – 1 бет.

https://drive.google.com/drive/folders/1urCUCbYoyemqVLuaRHfx0siRQLJ0XzwM?usp=sharing

Жауап: 

Құрметті Алия Смаиловна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы, 1-тармағының
13) тармақшасына сәйкес бірге тұратын, бірақ жақын туыстары болып табылмайтын адамдардан басқа бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және бір елді мекеннің шегіндегі тұрғылықты жері бойынша тіркелген отбасының барлық мүшелері отбасының құрамында есепке алынады.
Сонымен бірге, Министрлікпен объективті себептер бойынша басқа елді мекендерде болған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасы мүшелерінің құрамындағы балаларды есепке алу бөлігінде, олар басқа елді мекендерде және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін реттейтін нормаларды бекіту туралы заңнама бойынша шаралар қабылдануда.
Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу сатысында екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 361287
19 маусым, 2019 - 18:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші