You are here

Кәсіптік стандартты әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Кәсіптік стандартты әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды

бекіту туралы

 

 

          «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы  9 ақпандағы  № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Кәсіптік стандартты әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

2) Кәсіптік стандартты әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды орталық мемлекеттік органдарға және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдасын және оларды жұмыста қолдануға ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                         М. Әбілқасымова

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon mr_po_ps_kaz._ot_01.06.doc1.48 MB
1 ақпан, 2019 - 14:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші