check

You are here

Еңбек министрлігінде АӘК тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеу мәселелері талқыланды

ҚР Еңбекмині

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

«Ел Президенті Қ.К. Тоқаев Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды. Біздің міндетіміз - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде толық заңдылықты сақтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қысқа мерзімде ұйымдастыру», - деп атап өтті Сапарбаев.

Кеңеске қатысушылар аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш берушілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу сынды өзекті мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар, Министр орынбасарларының басшылығымен Еңбек министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлердегі барлық рәсімдердің заңдылығының сақталуын бақылау үшін өңірлерге барады.

31 мамыр, 2019 - 20:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші