check

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2018 жылғы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2018 жылғы қызметі туралы
ЕСЕП

 

1. Жалпы ережелер

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер халыққа орталық және жергілікті деңгейлерде көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары қызмет көрсетушілер болып табылады.

Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы миссиясы: еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, азаматтарды әлеуметтік қамту.

2018 жылы әлеуметтік-еңбек саласында жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 38 қызмет түрі, оның ішінде ОМО – 18, ЖАО – 20 көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық 38 стандарты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген.

2018 жылы Мемлекеттік қызметтер тізілімі («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 548 қаулысы) жаңа 4 мемлекеттік қызметпен толықтырылды, ол:

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру.

- Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау.

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру.

-  Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру», «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру», «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» қызметтері бойынша стандарт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 516, 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 186 бұйрықтарымен бекітілді.

Осылайша, әлеуметтік-еңбек саласындағы стандартталған қызметтер саны 38 (оның ішінде ОМО – 18, ЖАО – 20) болды, оның ішінде 37-і халыққа тегін көрсетілді және біреуі «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» қызметі 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ақылы және тегін негізде көрсетілді.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы алынады.

Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту кезінде жұмыс берушілерден салық алымы алынбайды.

Есептік жыл кезеңінде қолданыстағы стандарттар жетілдірілді, Еңбекминінің  2018 жылғы 28 сәуірдегі № 158, 2018 жылғы 30 қарашадағы  № 516 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар:

-  құжаттарды қабылдайтын ұйымдар мен көрсетілетін қызметті берушілердің атауын нақтылауға;

Еңбекминінің жаңа мемлекеттік қызметтерін қосуды қамтыды;

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес тиісті өзгерістер енгізілді.

Осылайша, бүгінгі күні 38 мемлекеттік қызметтің 30-ы балама негізде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Орталық деңгейдегі барлық 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 17 регламент бекітілді (ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы, Еңбекминінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №20, 2018 жылғы 29 тамыздағы № 800 және 2019 жылғы 11 ақпандағы № 66 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді), «міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметінің регламенті белгіленген мерзімде бекітілетін болады, қазіргі уақытта регламент жобасы электрондық үкімет порталында жаппай талқылануда.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon otchet_kaz._2018_god.doc112.32 KB
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші