check

You are here

Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы «Шелл» басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

кездесу

28 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазармен кездесу өткізді.

Тараптар кадрларды даярлау, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі және өндіріс пен инфрақұрылымдық ортаның қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.

Б. Сапарбаев «Шелл» компаниясының Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымақтастығының көп жылғы сындарлы тарихын атап өтті.

Өз кезегінде О. Лазар Еңбек министріне компания қабылдаған қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және ұлттық кадрлардың, оның ішінде басшы лауазымдардағы қызметкерлердің үлесін арттыру стратегиясы туралы айтып берді.

Министр компания жүргізіп отырған жұмысқа оң баға берді.

«Бізге Қазақстанда оқытпайтын мамандықтарды оқыту керек. Біздің мамандарды оқыту қажет. Бұған мемлекет қана емес, бизнес те көмектесуі тиіс", - деді ол.

Концерн басшысы сындарлы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру үшін бірқатар ұсыныстар айтты.

Б. Сапарбаев ұсыныстарды қарауды тапсырды және олардың бір бөлігі еңбек заңнамасы, адам капиталын дамыту және ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жанынан құрылған Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс тобы шеңберінде өз шешімін тапқанын атап өтті.

 

28 мамыр, 2019 - 18:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші