check

You are here

21000 тенге алу проблемасы

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы

Сізге хат жазып отырған Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар елді мекені тұрғыны соғыс ардагері запастағы офицер Егізбай Марғұлан.

 Мен жұбайымыз екеуміз әлеуметтік көмек алуға әкімшілдіктен сұраныс жасадық ,құжатттары жинаңдар деді , содан бастап  бір ай бойы құжат жинаумен болдық .Аудан орталығына такси жалдап ерте сағ 7-30 ЦОНға барып кезек алып жүрген күндеріміз болды ,кезек сағат 16-17 ге дейн баратын,ол жерлерде де заң бұзушылық болып тұрды бізден кейін келген адамдар  бізден ерте кетіп жатты,

 Сонымен  итшелеп құжаттарды жинап Бөржар аумақтық әкімшілігіне тапсырдық болды күтіңіз деді.Жұбайым Касымбекова Зауре хабарын білуге барса  -Сендердікі тура келмейді дегені, мен соны басында неге айтпайсындар   десем бір біріне сілтеумен болды .Қолыңнан келгенін істе деп қалды.

Бұл жақта көп балалы аналарға ИП ашыңдар немесе ИП ға тіркеліңдер деп мәжбірлеуде.

Ауыл тұрғындары ауыл есебінен шығып Шымкент қаласына тұрып жатқандар бар  себебі  ол жерде тек жеке куәлікпен өтіп алып жатыр екен,Неге ауылды жерде қиындатып жібергенсіздер.

Әкімшіліктің алдындында сандалып жүрген қанша адам .Көбісінің құжаттарын жоғалтқан наразы әйелдер көп.

Біздің де құжаттарымызды жоғалтып, іздеп жүріп тауып алдық,не  болсада құжаттар соларда.

Бөржар әкімшілігіне шара қолдануыңызды сұранам.

Сізден көмек сұраймыз .

Егізбай Марғұлан .                        2019-05-26

Жауап: 

Құрметті Егізбай Марғұлан!

 

Сіздің  шағымыңызда жазылған мән-жайларға байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мыналар анықталды:   

Жұбайыңыз Касымбекова Зауре Булегеновна 2019 жылдың 19-мамырында Бөржар ауыл округі әкімі аппаратына атаулы әлеуметтік көмек алуға электронды өтінішін берген және ол 19.05.2019 жылы №10449272 болып  тіркелген. Бұдан әрі   Бөржар ауыл округі әкімі аппараты 2019 жылдың 24-мамырында Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы реестрмен жолдаған.

Сонымен қатар, азаматша З.Касымбековадан жеке кәсіпкерлік ашу немесе жеке кәсіпкерлікке тіркелу туралы ешқандай құжат сұратылмағанын және жинақталған құжаттарының  жоғалмағаны анықталды. Және жоғалу жөнінде Сізден және жұбайыңыздан құзыретті органдарға  шағым түспегенін  мәлімдейміз.

Нәтижесінде Ордабасы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығынан мәліметіне сәйкес, З.Касымбекованың отбасының  орташа айлық кірісінің мөлшері жанбасына шаққанда төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмағанын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360997
12 маусым, 2019 - 14:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші