check

You are here

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері қаралды

селектолық кеңес

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске Әділет, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция режимінде облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

«Елбасының тапсырмасы бойынша 1 сәуірден бастап жаңа әлеуметтік саясат аясындағы шаралар жүзеге асырылуда. 25-мамырдағы жағдай бойынша, 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді», - деді Б. Сапарбаев кеңесті аша отырып.

Еңбек министрлігінде АӘК тағайындауымен қатар әлеуметтік карталарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, жүргізіліп жатқан жұмыстың және деректер базасын интеграциялаудың арқасында қазір 13 миллионға жуық адамның деректері өзектендірілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне тек қазіргі АӘК алушылармен ғана емес, сонымен қатар әлеуетті адамдармен жүйелі жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Ол әлеуметтік көмек көрсету критерийіне жатпайтын, бірақ мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж адамдар да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес-біз еңбекке қабілетті адамдардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етуге тиіспіз. Көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға өз ісін ашу үшін жағдай жасау. Осыған байланысты «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру және жеңілдетілген микрокредит беру бөлігінде өзгерістер енгізілуде», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар басшыларының назарын «Е-Халық» жүйесімен базаларды біріктіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды.

«Адамдар комиссиялар келіп, мін іздейтініне шағымданады. Бізде пайдаланылуы қажет ақпараттық жүйелер бар және сол арқылы болашақта үйлерді аралаудан бас тарту қажет. Мен әкімдіктерден бұл мәселеге шындап кірісуін сұраймын», - деді Б.Сапарбаев.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді.

27 мамыр, 2019 - 09:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші