check

You are here

Еңбек министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс» көпбалалы отбасыларды пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды

меморандум

Қарағанды облысында алдағы уақытта 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасында құрылған үшжақтық меморандум аясында мүмкін болып отыр. Аталмыш құжатқа министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойды.

«Қазақмыс» өзінің көпбалалы отбасы болып табылатын қызметкерлерін, сондай-ақ аз қамтылған қызметкерлер мен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Компания әлеуметтік жауапкершілігі принципін қолдап, олар үшін 120 пәтер сатып алуға міндетін мойнына алып отыр. Оның қатарында 46 отбасы қоныс тойларын биыл атап өтеді.

Дәл осы Жезқазған қаласында 10 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы сөз қозғаған болатын.

«Қазақмыс» - еліміз бойынша Елбасы мен Мемлекет басшысының ұранын қолдап, әлеуметтік жауапкершілікті орындай бастаған алғашқылардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда компания өзінің қызметкерлеріне пәтерлер сатып алып қана қоймай, сонымен қатар көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмектерін көрсетуде. Осылайша, әлеуметтік жауапкершілік принципін қолдауда.

Өз кезегінде, министр Бердібек Сапарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелері, әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететінін атап өтті.

- Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша министрлік бизнес-қауымдастықпен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2018 жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Жалпы, соңғы 10 жылда бизнес-құрылымдар әлеуметтік жауапкершілік аясында әлеуметтік жобаларға, демеушілік пен қайырымдылыққа 300 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді, - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде, облыс әкімі Қарағанды облысының бизнес-қауымдастықтың аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуде қосқан үлесін атап өтті.

- Елбасы «әрбір қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелерін алыс болашақта емес, бүгінгі күні сезінуі тиіс» деген болатын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов келісімге қол қою рәсімінде. - Облыста 12 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады. Біз олардың проблемаларын белсенді шешудеміз. Бұл мәселеде біздің бизнес-қоғамдастықтарымыз да тыс қалмауды. Әлеуметтік белсенді компаниялардың бірі «Қазақмыс» корпорациясы,

«Қазақмыс Холдингі» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай науқан атаулы және жүйелі түрде көрсетілетін әлеуметтік көмек болатынын хабарлады. Көп балалы отбасыларға көмек көрсету - шешілуі тиіс басты мәселелердің бірі болып табылады.

- Атап айтқанда, жаңа пәтерлерді тек Жезқазған қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев, Балқаш және басқа да елді мекендерінде біздің кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер алады. Біздің тағы бір міндетіміз - қызметкерлеріміздің отбасыларына денсаулықтарын қалпына келтіруге, білім алуға жәрдемдесу, - деді Эдуард Огай.

Меморандумға қол қойылған соң 4-8 балалары бар 10 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.

Бұл күні Бердібек Сапарбаев пен Ерлан Қошанов қоныс тойын тойлаған отбасылардың біріне барып қайтты. Көптен күткен баспанаға ие болғандардың бірі - 6 баланың анасы, жесір қалған Салтанат Нұрланова. Көпбалалы анаға жиһазы бар, жөндеуден өткен 4 бөлмелі пәтер берілді.

- Бұған дейін біз пәтер жалдап тұруға мәжбүр болдық. Ақшам тек екі бөлмелі пәтерге ғана жетті. Менің кәсіпорында вахтер болып жұмыс істеймін, 6 баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын, оның 4-і кәмелетке толмаған. Мен «Қазақмыс» компаниясына шексіз алғысымды айтамын. Елбасы көпбалалы аналарға көмек көрсету туралы тапсырма бергені қандай жақсы болды, - дейді Салтанат.

 

24 мамыр, 2019 - 20:11 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші