check

You are here

Атаулы әлеуметтік көмек

Сұрақ тақырыбы: 

Салематсызба?! Менің жолдасым Арабияда діни университетте оқиды күндізгі бөлімде. Оқу орнынан оқып жатыр деген анықтамасы бар. Қазіргі таңда ол Қазақстанда емес.Мен балдарыммен Қазақстанда тұрамын. Менің үш балам бар. Атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне аламба? Жолдасымның оқу орнынан басқа анықтама керекпе? қалай болады?

Жауап: 

Құрметті Айбол Аманкелдіұлы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің әлеуметтік желіге жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне» сәйкес, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша қосымша мәліметті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360963
30 мамыр, 2019 - 19:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші