You are here

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

                                  

                 А. Мамин                                   

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы «     »

№           қаулысымен

бекітілген 

 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидалары

1.  Жалпы ережелер

  1. Осы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)                      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»                            Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  6-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

 1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

          2) шартты зейнетақы шоты – БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылатын шот, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсiмдер  туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті  қаржы жылына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер ескеріледі;

          3) шартты зейнетақы міндеттемелері (бұдан әрі – міндеттемелер) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер есебінен зейнетақы  төлемдері бойынша БЖЗҚ-ның міндеттемелері;

         4) зейнетақы активтері – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұл мен  залалдардың орнын толтыру ретінде түскен қаражатты қамтиды;

5) зейнетақы төлемдері – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де зейнетақы төлемдерін алушылар есебінен төлемдер;

6) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға;

         7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

         8) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен  шартты зейнетақы шотына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

9)   Шартты жинақталған теңгерім (бұдан әрі – ШЖБ) –  осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шарттарға сәйкес зейнетақы төлемдеріне түсу құқығы күніне жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өзге де түсiмдердi қамтитын жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотындағы сомасы;

    10) ағымдағы құн факторы –  өмір бойы зейнетақы төлемдерін алушылардың жасына қарай тиісті дәрежеде дисконттаушы факторға және индекстеу мөлшерлемесіне өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының сомасы;

 

мұндағы:

ax:nm – ағымдағы құн факторы;

v=11+i - дисконттаушы фактор;

i – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

j индекстеу мөлшерлемесі;

–  зейнетақы төлемдерін өмір бойы алушылар х жасынан x + t жасына дейін өмір сүру ықтималы;

x –  өмір бойы зейнетақы төлемдерін алуды бастау күніндегі алушының жасы;

n –  өмір бойы зейнетақы төлемдерін алу жылдарының саны;

m –  сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

t – 0-ден n-ге дейінгі мәні қабылданған ауыспалы мән;

11) теңгерім коэффициенті – міндеттемелерге зейнетақы төлемдерінің қатынасы:

 

BTt=зейнетақы активтеріt-1міндеттемелерt-1

мұндағы:

BTt – баланс коэффициенті;

зейнетақы активтеріt-1 – күнтізбелік жыл соңындағы зейнетақы активтері t-1;

міндеттемелерt-1 – күнтізбелік жыл соңындағы міндеттемелер t-1;

12) теңгерімнің жеңілдетілген коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

 

BTt*=BTt-13+1

мұндағы:

BTt* – теңгерімнің жеңілдетілген коэффициенті;

t – күнтізбелік жыл;

13) теңгерімдеушартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қаржылық теңгерімді қалпына келтіру процесі.

Егер өткен күнтізбелік жылдың соңына міндеттемелер зейнетақы активтерінен асатын болса, теңгерімдеу процесі күнтізбелік жыл басында белсендендіріледі.

  1.   Зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары болған кезде:
  1. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға;
  2. егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге тағайындалады.
  1. Зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы айға төленеді және қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады.
  2. Зейнетақы төлемдері агенттің және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның меншігі болып табылмайды.

 

2.  Зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі

  1. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында алушы:  
  1. Заңның 31-1 бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттар басталған кезде Мемлекеттік корпорацияға жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметті ұсына отырып өтінішпен жүгінеді;

2) Заңның 31-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар басталған кезде БЖЗҚ-ға өзі жүгінгенде:

         БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);

алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде: алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті береді.

БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгіну тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітіледі.

  1. Егер Заңның 31-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген

адамдар алушылар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ алушыға мүгедектік белгілеу туралы мәліметтерді мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратады.   

         Алушыда мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің болуы туралы мәліметтерге растау болмаған жағдайда, БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады, онда бас тарту себебі көрсетіледі.

  1. Өтінішті үшінші тұлға арқылы берген жағдайда, үшінші тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.

9. Өтініш пошта байланысының құралдары арқылы берілген кезде осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

  1.  Қабылданған құжаттар негізінде БЖЗҚ істің  электрондық макетін

қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтайды.

  1.  Құжаттар топтамасын пошта байланысының құралдары арқылы БЖЗҚ-ға берген адамды қоспағанда, алушыға, БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.
  2.  Алушы осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына және               

8 тармағына сәйкес белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні БЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

  1.  Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте, алушыларға бірінші ай сайынғы зейнетақы төлемі он жұмыс күн ішінде:
    1. осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Мемлекеттік  корпорацияда өтінішті тіркеген күннен бастап, не БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына құқық туындаған күнінен бастап;
    2. осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген –қабылданған, не БЖЗҚ-на құжаттардың түскен күнінен бастап жүзеге асырылады.

Кейінгі ай сайынғы зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ның зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес, оның ішінде осы Қағидалардың                      14-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.

  1.  Алушылардың осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға ұсынған өтініштері бойынша мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға алушылардың мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштері туралы мәліметтер беріледі.

БЖЗҚ алушылардың осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорацияға аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорация белгілеген әлеуметтік төлемдер кестесіне сәйкес алушылардың өтініште көрсетілген банк шоттарына аударады, бұл ретте бірінші төлем осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

 Алушы осы Қағидалардың 6-тармағы 1) тармақшасына сәйкес белгіленген құжаттардың толық емес  топтамасын және (немесе) жарамды мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған не алушыда БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоты болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, жүгінген күні өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тартады не бас тарту себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу жолымен өтінішті орындаудан бас тартады.

  1.  Алушы қайтыс болған не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, зейнетақы төлемдері қайтыс болған не кеткен ай бойынша қоса алғанда,  БЖЗҚ жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ақпарат алушының қайтыс болуына, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін көшіп кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тоқтату және қайтыс болған немесе кеткен алушының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайта бөлу үшін негіздеме болып табылады.

17. БЖЗҚ алушының осы Қағидалардың 9-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген банк шотына аударады, оның деректемелері өтініште көрсетіледі.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 3. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау тәртібі

18. Өмірлік зейнетақы төлемдерінің мөлшері халықтың өлім-жітімі туралы деректердің негізінде септелген ағымдағы құн факторын, инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәнін және кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшерін ескере отырып айқындалады.

         Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

ЗТ=УНБ12*ax:n12

мұндағы:

ЗТзейнетақы төлемінің мөлшері;

ax:n12 – ағымдағы құн факторы.

Зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.

  1.  Болашақ зейнетақы төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде мынадай өлшемдер пайдаланылады:

1) өлім-жітім көрсеткіштері;

2) кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

          3) төлемдерді индекстеу мөлшерлемесі.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді жыл сайын уәкілетті орган белгілейді.

20. Зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

21. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері:

1) тиісті зейнетақы төлемдерінің индекстеу мөлшерлемесі  бекітілген  жылға сәйкес теңгерімдеу процесінің қажеттілігі болмаған кезде;

2) тиісті зейнетақы төлемінің индекстеу мөлшерлемесі  бекітілген  жылға сәйкес теңгерімнің жеңілдетілген коэффициентін ескере отырып түзетілген, теңгерімдеу процесінің белсенділігі кезінде жыл сайын ұлғайтылады.

  1.  БЖЗҚ жыл сайын осы Қағидаларда көзделген ережені ескере отырып зейнетақы төлемдері мөлшерін қайта есептеуді жүргізеді.

          Егерде, күнтізбелік жыл  соңындағы зейнетақы активтерінің міндеттемелері t-1 асқан жағдайда, яғни BTt 1-ден төмен, күнтізбелік жылдың басына t теңгерімдеу процесінің белсенділігін арттырады:

1) күнтізбелік жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау кезінде бекітілген зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі мынадай түзетулерді қолдана отырып ескеріледі:

jt*=1+jtBTt*-1

 

мұндағы:

jt* – күнтізбелік жылдағы зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіндегі түзетулер t;

jt – күнтізбелік жылдағы бекітілген зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі t;

BTt*=BTt-13+1 – теңгерімнің жеңілдетілген коэффициенті.

2)  кейінгі жылдарда түзетілген зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі мынадай түрде болады:

jt+n*=1+jt+nBTt+n*-1,    n=1,2,…

   бұл ретте, BTt+n*<1i=0n-1BTt+i* дейін жыл сайынғы теңгерімдеу процесі жалғастырылады.

3) егер, айқындалған жылы t+n’ болса, есептік мөлшері BTt+n'* артық немесе тең мәнінде болады 1i=0n'-1BTt+i*, бұл

BTt+n'*=1i=0n'-1BTt+i* ,

 

jt+n'*=1+jt+n'BTt+n'*-1

және бұл теңгерімдеу процесіне  шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі күнтізбелік жылға сәйкес  тоқтайды t+n’.

 

                    

 

ТіркемеМөлшер
Package icon gos.zip83.43 KB
Бөлімдер:
23 мамыр, 2019 - 11:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші