You are here

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР ЕХӘҚ министрінің бұйрығы жобасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы                                                    

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін:

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының        

        Еңбек және халықты

  әлеуметтік қорғау министрі                                            Б. Сапарбаев

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және  халықты

әлеуметтік  қорғау

министрінің 20     жылғы

«      »                          

№       бұйрығына     

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 10091 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларында:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орталық атқарушы орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалдары – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық, астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары;

5) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

6) міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңмен қосымша белгіленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларды мемлекеттік қолдау нысаны;

7) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;

8) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

9) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары;

10) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – әлеуметтік төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;

11) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

12) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидияларының мөлшерін белгілеу тәртібі»;

3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешім басқарма (бөлімше) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжатты білдіреді. Міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу (белгілеуден бас тарту) туралы шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.

Істердің электрондық макеттері орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде тұрақты сақталады.»;

19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы мынадай құжаттарды (олардың болуына қарай):

1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу фактісін растайтын анықтаманы;

2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тіркелу фактісін растайтын мәліметтерді;

3) баланы (балаларды) асырап алу және/немесе балаға қамқоршылық тағайындау туралы құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімі негізінде бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды қалпына келтіру мұндай тоқтата тұруға негіз болып табылған мән-жай тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, ал баланы (балаларды) асырап алған және/немесе балаға қамқоршы тағайындалған жағдайда баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап жүргізіледі.

Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіруге негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қалпына келтіру туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

20. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:

1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Заңның 23-2-бабына сәйкес тоқтатылған;

2) егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Заңның 15-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асқан;

3) № 236 бұйрықпен бекітілген Қағидалардың 49-тармағына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тоқтату туралы мәліметтер келіп түскен жағдайларда тоқтатылады.

Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл ретте субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатуға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтату туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.»;

4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ай сайын төлем айының алдындағы айдың 25-күніне міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттік субсидиялаудың белгіленген мөлшерін төлемге қажетті бюджет қаражатына қосуды қамтамасыз етеді.

Төлем айына қажеттілікті қалыптастырғаннан кейінгі сомалар одан кейінгі айдың қажеттілігіне қосуға жатады.

Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінің қызметкерлері ОДБ-да алушылардың қайтыс болуына, шығуына, төлемнің тоқтатыла тұруына, тоқтатылуына байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына түзетуді күн сайын жүргізеді.».

2. «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі№ 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заң) 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) зейнетақы мен жәрдемақы алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалған жеке тұлға;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) өтініш беруші – базалық зейнетақы және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

Базалық зейнетақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы беріледі.

Адамдар Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған соң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш береді.

Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесіне жүгінеді.

Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.

Өтінішке сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңның 11-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көзделген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға өтінішке өтініш беруші қағаз түріндегі нұсқасына немесе қолтаңба сканері арқылы өз қолымен қол қояды.

Шетел тілінде жасалған құжаттар «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасына сәйкес ұсынылады.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін үш жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақыны және жәрдемақыларды екі жұмыс күні ішінде тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің жобасын қалыптастырады.

Қалыптастырылған ІЭМ зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.

Зейнетақы ісінің/жәрдемақы алушы ісінің осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін ІЭМ, Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңның 11-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес тағайындалатын мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларының ІЭМ-ін қоспағанда, басып шығарылады.

Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ІЭМ-ді ресімдеудің және зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеудің дұрыстығын тексереді.»;

24 және 25-тармақтар алып тасталсын;

27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өтініш берушінің өзі келген кезде береді.

Мобильді телефон нөмірі болған кезде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің мобильді телефонына sms-хабарлар жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

Sms-хабарлар осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

28. Уәкілетті орган жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек кітапшасына «зейнетақы (жәрдемақы) тағайындалды» деген белгі қояды және оны өтініш берушіге өзі келген кезде қайтарады.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші жүгінген кезде қол қойдыра отырып беретін осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес куәлік алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.

Куәлікті беру осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті тіркеу журналында тіркеледі.

Куәлікті алуға үшінші тұлғалар жүгінген жағдайда куәлік 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.

Куәлiгiн жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының өтініші бойынша куәліктің телнұсқасын жазып береді. Оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.

Зейнетақының немесе жәрдемақының түрі немесе мөлшері өзгерген не тұрғылықты жерi өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі куәлікке қосымша бетте жүргізілген өзгерістер туралы қажетті жазба жасайды.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлем алатын қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, мүгедектік тобы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылатын отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерінің саны өзгерген жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 13, 14, 15, 16 және 18-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.

Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар не Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген алушылар зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салуға, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының ісіне сұрау салуға өтінішке өтініш беруші қағаз түріндегі нұсқасына немесе қолтаңба сканері арқылы өз қолымен қол қояды.

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен адамның зейнетақы ісі/жәрдемақы алушының ісі (бар болса) Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің электрондық сұрау салуы бойынша жіберіледі.

Алушының жаңа тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде алушының бұрыңғы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне электронды сұрау салу жолдайды.

Алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық анықтама-аттестатты қалыптастырады және алушының жаңа тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жолдайды.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші негізінде зейнетақы ісін / жәрдемақы алушының ісін алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының ісі болмаған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ІЭМ негізінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істің қағаз нұсқасын қалыптастырады және алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап осы Қағидаларға 13, 14, 15, 16  және 18-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.»;

56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушыны жерлеудi жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға жерлеуге бiржолғы төлем тағайындау үшiн өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидалардың 57-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.»;

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«58. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ІЭМ мен шешімнің электрондық жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен шешімнің электрондық жобасын қарайды, олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

ІЭМ және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы қағаз жеткізгіште (бар болса) зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне қоса тіркеледі.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Қамқоршы (қорғаншы) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін не қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

Интернаттық (отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы, Жасөспiрiмдер үйі, балалар үйi, ересектерге арналған немесе ақыл-eci кем балаларға арналған жалпы және арнаулы үлгiдегi интернат-үй және басқалар) және мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеме орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесi зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеудi осы Қағидалардың 33 және 37-тармақтарына сәйкес алынған құжаттар негізінде  жүзеге асырады.

Бұл ретте, мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы және жәрдемақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.»;

66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Мемлекеттік корпорация жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомаларды) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) түскені (шыққаны) туралы ақпарат келіп түскен, оның ішінде орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) кіргені (шыққаны) туралы деректер толтырылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Заңның 21-бабының 2-1-тармағында белгіленген көлемде жүзеге асырады.

Атқарушылық іс жүргізу құжаттары немесе алушының ұстап қалуға өтініші келіп түскен жағдайда Заңның 21-бабының 2-1-тармағында белгіленген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің көлемі тиісті ұстап қалудан кейін айқындалады.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Мемлекеттік корпорация мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңның 6-бабының 1-1 және 1-2 тармақтарында айқындалған мөлшерде және көлемде медициналық-әлеуметтік мекемеден (ұйымнан) алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) кіргені (шыққаны) туралы ақпарат түскен, оның ішінде орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

Алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түскені (шыққаны) туралы орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алынған ақпараттың келіп түскен күні орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде деректерді толтыру күні болып есептеледі. 

Атқарушылық іс жүргізу құжаттары немесе алушының ұстап қалуға өтініші келіп түскен жағдайда Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңның 6-бабының 1-1-тармағында белгіленген мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі тиісті ұстап қалудан кейін айқындалады.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.»;

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеу жүзеге асырылатын зейнетақы істері/жәрдемақы алушылардың істері (қолданыстағы істер) қолданыстағы істер архивінде сақталады.

ІЭМ орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде тұрақты түрде сақталады.»;

17-қосымша алып тасталсын;

19-қосымша алып тасталсын;

24-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

31-қосымша алып тасталсын;

34-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  2015 жылы 29 мамырда № 11224 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік төлемді тағайындау өтініштің (оның ішінде электрондық) және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

жеке басты куәландыратын (сәйкестендіру үшін).

Оралман мәртебесі бар адамдар әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген жағдайда оралман куәлігін ұсынады;

банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

сондай-ақ:

1) асыраушысынан айырылған жағдайда:

асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, қайтыс болған асыраушының бала (балалар) туу туралы куәлігі және неке (ерлі-зайыптылықты) қию (бұзу) туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер.

Қажет болған жағдайда (олардың бар болуына байланысты) мынадай құжаттар ұсынылады:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);

қамқорлық немесе қорғаншылықты белгілеу туралы құжат;

2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда:

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары үшін қосымша – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жеке шоттарын жүргізу қағидалары) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме;

3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда:

баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);

қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда);

баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы куәлік (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);

4) жұмысынан айырылған жағдайда:

Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінің расталған үзінді көшірмесі немесе көшірмесі немесе еңбек кітапшасы.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған, жұмысынан айырылған, еңбек ету қабілетінен айырылған  жағдайларға әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішке өтініш берушінің өзі қағаз жеткізгіште немесе қол қою сканері арқылы қол қояды.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын:

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы;

мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы және бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы (Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымшадағы нысанға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме) (жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе ферма қожалықтарының басшылары жүгінген кезде);

балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы;

асыраушының қайтыс болуы туралы (соттың хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялануы) (асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде);

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы туралы.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, ІЭМ-ді, осы Қағидаларға 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 10, 11, 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 15 және (немесе) 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбек ету қабiлетінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ Мемлекеттік корпорацияның филиалына жіберіледі. ІЭМ асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.

Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды, ІЭМ-ді ресімдеудің және әлеуметтік төлемді есептеудің дұрыстығын тексереді және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қордың филиалына жібереді.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Негіздер болған жағдайда Қордың филиалы ІЭМ-мен салыстырып тексеру үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінен қағаз жеткізгіштегі асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің макетін сұратады.»;

32-тармақ мынадай редакцияды жазылсын:

«32. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

ОАТ = (АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24, мұндағы:

ОАТ – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

АТ – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Бұл ретте Заңның 23-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жұмысынан айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде Кодекстің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалардың табыстары есепке алынбайды.»;

34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34-1. Кодекстің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақы деңгейінде қабылданады:

ЕД = 1 ЕТЖ

ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор филиалы шешімінің негізінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі:

1) алушының қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерден;

2) әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы баланың (балалардың)/асырауындағылардың қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерден;

3) әлеуметтік төлемді алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, оның әлеуметтік төлемді тоқтату туралы өтінішін;

4) шығу елінің уәкілетті органынан әлеуметтік төлемді алушының ісіне сұрау салуды;

5) Қордың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістер туралы әлеуметтік төлемдерді алушыдан осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны;

6) өтініш берушінің әлеуметтік төлемдерді негізсіз тағайындауға әкелген дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі туралы ақпаратты;

7) балаға (балаларға) мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленгені туралы мәліметтерді алған кезде осындай тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруды тоқтатады.

Алушы еңбек етуге қабілетті деп танылған жағдайда еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.»;

мынадай мазмұндағы 73, 74 және 75-тармақтармен толықтырылсын:

«73. Әлеуметтік төлем алушылардың төлем жүргізілетін істері (қолданыстағы істері) қолданыстағы істер архивінде сақталады.

ІЭМ уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тұрақты сақталады.

74. Әлеуметтік төлем алушылардың төлем тоқтатыла тұратын істері алушының өзі немесе отбасы мүшесі жүгінгенге дейін «Бақылауда» белгісімен қолданыстағы істе жеке сақталады.

Іс алты ай өткен соң күні мен соңғы төлем сомасын көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияның архивіне тапсырылады. Мемлекеттік корпорация алты айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған әлеуметтік төлем алушылардың істері бойынша әлеуметтік төлемдерді Қор филиалының әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімі бойынша жаңартады.

75. Әлеуметтік төлем алушы ісінің телнұсқасын қалпына келтіру Қор филиалының шешімі негізінде жүргізіледі.

Әлеуметтік төлем алушының қалпына келтірілген ісінің телнұсқасы мұқабасының оң жақ үстіңгі бұрышында «Телнұсқа» деген белгі қойылады.».

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

1-қосымша

 

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн

бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін,

мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу

жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік

жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы

жәрдемақыларды тағайындау және

жүзеге асыру қағидаларына

24-қосымша

 

Нысан

 

Герб

Жасына байланысты

зейнетақы/жәрдемақы алушының

КУӘЛIГІ

УДОСТОВЕРЕНИЕ

получателя пенсионных выплат по возрасту/пособий

Куәлiк № ____

Удостоверение ___________________

(тегi - фамилия)

___________________

(аты - имя)

___________________

(әкесiнiң аты - отчество)

«__» ____________ ж.\г.

(туған жылы - дата рождения)

сурет - фото

М.О.

М.П.

Бөлiмше бастығы _______________

Начальник отделения

Берiлген күні «__» ___20__ ж./г.

Дата выдачи

1. Заңның _____________ бабына сәйкес

________________ теңге

_____________________

мөлшерiнде ______________ жылғы «_____» _________ бастап __________ жылғы «_____» _________ дейiн

_____________________

(төлемнiң түрi)

___________________ тағайындалды.

Еңбек стажы ____________________

Орташа айлық табысы

_________ жылғы «_____» _________ бастап __________ жылғы «_____» _________ дейiн

2. Мүгедектiк тобы және ceбeбi

3. Отбасының еңбек етуге қабілетсіз

мүшелерiнің саны ________________

4. _____________________

теңге мөлшерiнде 20 _ жылғы _____

бастап мемлекеттiк базалық

зейнетақы төлемi тағайындалды.

 

1. В соответствии со ст.________ Закона

___________________

___________________

назначена (о) ___________________

(вид выплаты)

в размере ___________________

______________ тенге

с «___» _________ _______года

по «____» _________ _______года

Стаж работы __________________

Среднемесячный доход

_____________ тенге

за период

с «_____» _________ _______года

по «____» _________ _______года

2. Группа и причина инвалидности

3. Количество нетрудоспособных членов

семьи _________________

4. Назначена государственная базовая

пенсионная выплата

с «____» ___________

20 ___ года

в размере ______________ тенге

№ _____ куәлiкке қосымша бет

______________ жылғы «_____» _________ бастап __________ жылғы «_____» _________ дейiн  

_________________теңге

мөлшерiнде зейнетақы (жәрдемақы) төлеу жүргізіледі.

Бөлiмше бастығы ________________ М.О.

Есептен шығарылды ______________

Мемелекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшесі

__________ жылғы «_____» _________ дейiн 

_________________теңге

мөлшерiнде зейнетақы (жәрдемақы) төлеу жүргізіледі.

Бөлiмше бастығы ________________ М.О.

Вкладыш к удостоверению № ____

Выплата пенсии (пособия)

производится с «____» _____ года

в размере ________________ тенге

Начальник отделения __________

М.П.

Снят с учета _________________

рай(гор) отделение Государственной корпорации

Выплата пенсии (пособия) в размере

________________ тенге

произведена по «___» ________ г.

Начальник отделения __________

М.П.

Зейнетақы (жәрдемақы) төлеу

мерзiмi ұзартылды немесе оның

мөлшерi _________ жылғы «_____» _________ бастап __________ жылғы «_____» _________ дейiн  өзгертiлдi

_______________________ (зейнетақы түрi, стажы, табысы, мүгедектiк

тобы, _____________________

асырауындағы адамдар саны, және басқалар) өзгеруiне байланысты зейнетақы (жәрдемақы) ___________ теңге мөлшерінде белгіленді.

__________________

есепке алынды.

Бөлiмше бастығы   ______________

М.О.

Выплата пенсии(пособия)

продлена или изменен размер

с «_____» _________ _______года

до «____» _________ _______года

Пенсия (пособие) установлена в размере __________________ тенге в связи

с изменением

___________________

(вида пенсии, стажа,

___________________

дохода, группы инвалидности,

___________________

числа иждивенцев и т.д.)

Принят на учет

_________________________

Начальник отделения ______________

М.П.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

2-қосымша

 

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн

бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін,

мүгедектігі бойынша, асыраушысынан

айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік

әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы

жәрдемақыларды тағайындау және

жүзеге асыру қағидаларына

34-қосымша

 

Нысан

 

20__ жылғы ____ ____________
№ _______ АНЫҚТАМА-АТТЕСТАТ

Азамат ______________________________________________________________

(төлемдердің түрлерi көрсетілсін)

Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiнде _________________ алып отырды.

1. Базалық зейнетақы төлемі 20__ жылғы _________ _______ қоса алғанда ____________________________________________ теңге мөлшерінде төленді

2. Жасына байланысты зейнетақы төлемі 20__ жылғы ____ __________ қоса алғанда ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 20__ жылғы ___ _____________ қоса алғанда ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

4. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы 20__ жылғы _____ _______ қоса алғанда ____________________________________________ теңге мөлшерінде төленді

5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 20__ жылғы ____ ______ қоса алғанда ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

6. Экологиялық үстемеақы 20__ жылғы ____ _______ қоса алғанда _____________________________________________ теңге сомасында төленді

7. 1995-1997 жылдарға «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсан Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жүзеге асырылған экологиялық үстемеақы бойынша берешек _________ жылғы «____» _______бастап 20__ жылғы ____ _______ қоса алғанда _____________________________________________ теңге сомасында төленді

8. Оңалту бойынша бiржолғы өтемақы 20___ жылғы ________ _______бастап 20___ жылғы ____ ______ қоса алғанда_________ теңге сомасында төленді

9. Семей полигоны аймағында тұрғаны үшiн бiржолғы өтемақы 20__ жылғы ____ _____ қоса алғанда _____________________ теңге сомасында төленді

10. ____________________________

(төлемнің басқа түрі көрсетілсін (бар болса))

Қосымша: ______________

«Е-макет» ААЖ-ға ІЭМ ғана жолданатын барлық төлем түрлері көрсетілсін

1.      _________________

2.      _________________

Барлық төлемдер тоқтатылды және Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің есебінен алынды

М.O.

Мемлекеттік корпорация бөлiмшесiнiң бастығы

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметтік тел. №)

 

 

Бөлімдер:
23 мамыр, 2019 - 09:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші