check

You are here

Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін 500-ге жуық кәсіптік стандарт әзірленетін болады

ВКБ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев басым секторлардағы салалық біліктілік шеңберлерін (СБШ) және кәсіптік стандарттарды дамыту бойынша жобалық топтың бірінші отырысын өткізді. Іс-шараға бейнеконференция режимінде цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық дамыту, мәдениет және спорт, энергетика, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрліктерінің салалық топтарының өкілдері қатысты.

Жобалық топ 2019 жылдың соңына дейін 38 салалық біліктілік шеңберін және 480 кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту үшін ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту мақсатында құрылды.

Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Министрліктің дайындық іс-шараларын аяқтағанын және қойылған міндеттерді орындау үшін салалық топтардың тығыз өзара іс-қимылы мен үйлесімді жұмысы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Министрліктің сайтында жобалау тобының қызметі бойынша жеке қосымша бет ашылды, онда СБШ және кәсіптік стандарттарды әзірлеу тәртібі бойынша барлық нормативтік-құқықтық және әдіснамалық ақпарат орналастырылған. Тұрақты негізде онда жұмыстың ең жақсы нәтижелері орналастырылатын болады.

Қорытындылай келе, Б.Сапарбаев мерзімді сақтау мәселесін ерекше бақылауда ұстауды және топтық кездесулерді ай сайын өткізуді тапсырды.

21 мамыр, 2019 - 09:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші