check

You are here

Сарапшылар KIOSH-2019-да еңбек саласының болашағын талқылайды

KIOSH-2019

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі IX Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме - KIOSH 2019  2019 жылғы 22-24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көрме» көрме орталығында өтеді.

KIOSH-бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешу мемлекеттік органдар мен бизнес басшылары арасында талқыланатын орталықтандырылған және тиімді диалогтық алаң. Конференцияға қатысушылар саланы дамыту, өндірісте еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық технологияларды енгізу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының жаңа жүйелері, еңбекті қорғаудың басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау мәселелерін қарастырады.

KIOSH шеңберінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мамандар салалық министрліктер мен ведомстволардан, қауымдастықтардан, өнеркәсіп кәсіпорындарынан және саланың жетекші компанияларынан пленарлық сессияға, дөңгелек үстелдерге және тақырыптық сессияларға қатысуға мүмкіндік алады.

23 мамырда пленарлық сессияда спикерлер өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарында орын алған мәселелерді, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені енгізуді талқылайды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму  вице-министрі Аманияз Ержановтың қатысуы жоспарлануда.

Іс-шара сондай-ақ, аясында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және Vision Zero әлемдік тұжырымдамасын енгізуге арналған тақырыптық сессиялар мен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Конференциямен қоса, 22-24 мамыр аралығында «Көрме» көрме орталығында KIOSH 2019 көрмесі өтеді. Көрмеге қатысуды Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркиядан 40 компания растады. Көрме экспозициясы қорғау құралдарын, тоқымаларды, жабдықтарды, оңалту және алдын алуға арналған өнімдерді өндірушілер мен жеткізушілерді, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, тренингтік компаниялар мен тәжірибемен және біліммен алмасу, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсету және өзекті мәселелерді талқылау үшін орталықтарды ұсынады.

Жыл сайын KIOSH Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

20 мамыр, 2019 - 12:02 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші