You are here

Қазақстанда 170 мың отбасы жаңартылған АӘК алды

АӘК

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 13 мамырына дейін «Е-халық» жүйесі арқылы барлығы 230 032 өтініш (1 242 954 адам) қабылданды, оның ішінде 181 652 (973 624 адам) жаңа өтініш. 48 380 отбасыға (269 330 адам) бұрын тағайындалған сомаларға қайта есептеу жүргізілді.

Өтініш берушілердің басым бөлігі келесі өңірлерде байқалады: Түркістан облысында – 54 723 отбасы, Шымкент қаласында – 31 084 отбасы, Алматы және Жамбыл облыстарында 24 443 және 24 029 отбасы тіркелген.

Бүгінгі күні 169 770 отбасыға жалпы құны 25,3 млрд.теңге болатын жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда а.ж. 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ына дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген.

13 мамыр, 2019 - 18:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші