Бүгінгі күні облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана мен Алматы әкімдіктері әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған ауқымды іс-шараларды іске асыруда.
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар паспорттауға жататын 32 648 әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін белгіледі, олардың ішінен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтауға арналған 32 мың объектіні паспорттау (98,9%), 21 133 (65,4%) объектіні бейімдеу жоспарланды.
Паспорттау 32 301 объектіде (жоспарланғанның ішінен 99,9%) жүргізілген, ал 20 381 объекті (96,4%) бейімделіп отыр.